«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығы (2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы

(2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2023.23.05. № 227 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2026.15.06. № 1315 Жарлығымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына және «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымы;

3) сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендердің тізбесі («Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісімен);

4) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы қазанның 13-і.

 

                         № 563

 

ҚР Президентінің 2022.03.10. № 1029 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2023.23.05. № 227 Жарлығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2017 жылғы 13 қазандағы

№ 563 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы

ЕРЕЖЕ


1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Президентінің 2023.05.10. № 366 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2025.17.12. № 1125 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.