(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҮЛГЕРІМІНЕ АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ, АРАЛЫ...

Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы

(2016.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.13.05. № 318 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.25.12. № 590 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.