Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 631 бұйрығы
(2022.12.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019.30.07. № 387 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022.12.08. № 309 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019.30.07. № 387 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мынадай:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Айлық жалақының ең төмен мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы» ең төмен әлеуметтік стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы» ең төмен әлеуметтік стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы» ең төмен әлеуметтік стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Ең төмен зейнетақы мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;