«Теңіз кемелерін куәландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 277 бұйрығы (2026.16.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Теңіз кемелерін куәландыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 277 бұйрығы

(2026.16.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Теңіз кемелерін куәландыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және

инфрақұрылымдық даму

министрінің міндетін атқарушы

2023 жылғы 24 сәуірдегі

№ 277 бұйрығымен бекітілген

 

 

Теңіз кемелерін куәландыру

қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

 

 

1. Осы Теңіз кемелерін куәландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-44) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және теңіз кемелерін куәландыру тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.