Қазақстан Республикасының 2025 жылы 18 сәуірдегі 214-VIII Салық Кодексі

Предыдущая страница

Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде бір банктік шоттан артық көрсетілсе, банк ұйымдары осындай өкімде көрсетілген банктік шоттардың соңғысы жабылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай өкімді тиісті салық органына қайтарады.

3) салық төлеушінің (салық агентінің) бір немесе бірнеше банктік шотынан салық төлеушінің (салық агентінің) сол банк ұйымында ашылған басқа банктік шоттарына сол күнмен, сол сомаға жəне берешектің сол түрі бойынша шығарылған инкассолық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару арқылы инкассолық өкімді толық орындаған кезде, салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарына шығарылған инкассолық өкімдерді орындаусыз салық органына қайтаруға құқылы.

4. Осы баптың 2-тармағының 1), 6), 16) жəне 17) тармақшаларында көзделген хабарлама, есептер жəне мəліметтер телекоммуникация желісі арқылы ұсынылады.

5. Салық органы банк ұйымдарына салық төлеуші (салық агенті туралы:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдер мен əлеуметтік төлемдерді төлеу жөніндегі өзінің салықтық міндеттемелерін;

2) банк ұйымдарының осы бапта көзделген міндеттерді орындауы үшін қажетті мəліметтерді ұсынады.

6. Салық органы банк ұйымдарының:

осы Кодексте;

Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексінде;

«Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында;

сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген міндеттерді орындауына салықтық тексеру жүргізуге құқылы.

7. Осы Кодекске сəйкес банк ұйымдары ұсынатын мəліметтерді салық органы тек салықтық əкімшілендіру мақсатында ғана пайдаланады.

 

56-бап. Салық органының өзге тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауы

1. Нотариус салық органы мен Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы тұлғалар бойынша салық органына мыналар:

1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары жəне (немесе) мəмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік бойынша мəмілелер мен шарттар;

2) мұраға құқық туралы берілген куəліктер;

3) қарыз шарттары;

4) бағасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын, мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жатпайтын, сондай-ақ олардан бөлек, басқа да мəмілелер мен шарттар туралы мəліметтерді ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің тізбесі мен нысандарын жəне оларды ұсыну тəртібін Қазақстан Республикасының Əділет министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді.

2. Бағалаушылар палатасы бағаланатын салық салу объектісінің тұрған жеріндегі салық органына есептің жасалған күні мен оның реттік нөмірін, сəйкестендіру нөмірлері көрсетілген бағалау субъектісі мен объектісін көрсете отырып, есепті кезеңде қол қойылған бағалау туралы есептер, белгілі бір нарықтық құн туралы мəліметтерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.

Осы тармақта көзделген мəліметтердің тізбесі мен нысандарын жəне оларды ұсыну тəртібін уəкілетті орган белгілейді.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес зейнетақы жарналарын, əлеуметтік аударымдар мен əлеуметтік төлемдерді, міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы салық органына жеке тұлғалар туралы қолда бар мəліметтерді ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысанын уəкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.

4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым салық органына сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бағалы қағаздарды ұстаушы тұлғалар туралы, сондай-ақ тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мəмілелері туралы мəліметтерді ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысанын жəне оларды ұсыну тəртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді.

5. Интернет-алаң иелері ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) жəне (немесе) төлемдер туралы мəліметтерді салық органына ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысанын жəне оларды ұсыну тəртібін уəкілетті орган белгілейді.

6. Сумен жабдықтау, су бұру, кəріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету жəне (немесе) тасымалдаулар саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мəліметтерді электрондық нысанда өзінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысанын жəне оларды ұсыну тəртібін уəкілетті орган белгілейді.

7. Арнайы экономикалық жəне индустриялық аймақтардың басқарушы компаниялары, инвестициялық қорлардың жəне өзге де қорлардың активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басқарушы компаниялар, «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры жəне квазимемлекеттік сектор субъектілері уəкілетті органға салықтық əкімшілендіру үшін қажетті мəліметтерді ұсынуға міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысанын, оларды ұсыну тəртібі мен мерзімдерін уəкілетті орган белгілейді.

8. Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлға салық органына сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жөнелтілетін, тасымалданатын жəне жеткізілетін тауарлар туралы мəліметтерді ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысанын уəкілетті орган белгілейді.

9. Тұлға жəне (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі:

1) егер мұндай салық төлеушінің қызметі:

заң көмегін көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпараттандыруға, азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғауға жəне білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірлерге сауалнамалар мен əлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда, қоғамдық пікірге сауалнамалар мен əлеуметтанушылық сауалнамаларды зерделеуге жəне жүргізуге, сондай-ақ олардың нəтижелерін таратуға жəне орналастыруға;

аталған қызмет коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға жəне таратуға бағытталса, шет мемлекеттерден, халықаралық жəне шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан уəкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын ақшаны жəне (немесе) өзге де мүлікті алғаны туралы салық органын хабардар етеді;

2) салық органдарына осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ақшаны жəне (немесе) өзге де мүлікті алғаны жəне жұмсағаны туралы мəліметтерді ұсынады.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген мəліметтер салық органы қалыптастыратын, шет мемлекеттерден, халықаралық жəне шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны жəне (немесе) өзге де мүлікті алған жəне жұмсаған тұлғалар мен заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері туралы дерекқорға (бұдан əрі - дерекқор) енгізіледі.

Дерекқорды қалыптастыру мыналарды көздейді:

1) тұлғалар мен заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін енгізу;

2) тұлғалар мен заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін алып тастау;

3) дерекқорға енгізілген тұлғалар мен заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің тізілімін уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру.

Хабарламаның жəне осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысандарын, оларды ұсыну тəртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ дерекқорды қалыптастыру тəртібін уəкілетті орган белгілейді.

Осы тармақта көзделген талаптар:

1) мемлекеттік мекемелерге;

2) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уəкілеттік берілген адамдарға, өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мəслихаттар депутаттарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мəслихаттарының депутаттарына, əскери қызметшілерге, құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;

3) банк ұйымдарына, сақтандыру ұйымдарына;

4) салықтық мониторингте тұрған салық төлеушілерге;

5) білім беру ұйымдарына;

6) жеке практикамен айналысатын адамдардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға жəне (немесе) өзге де мүлікке;

7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;

8) дипломатиялық өкілдіктерге, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;

9) спорттың ұлттық, техникалық жəне қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға жəне ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға жəне (немесе) өзге де мүлікке;

10) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың негізінде алынатын ақшаға жəне (немесе) өзге де мүлікке;

11) емделу ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рəсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға жəне (немесе) өзге де мүлікке;

12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға жəне (немесе) өзге де мүлікке;

13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны жəне жүзеге асырғаны, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға жəне (немесе) өзге де мүлікке;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға жəне (немесе) өзге де мүлікке;

15) төлем көзінен жеке табыс салығы ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивидендтердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;

16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды.

Салық органы жеке жағдайларда шет мемлекеттерден, халықаралық жəне шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша жəне (немесе) өзге де мүлікті алу, оларды жұмсау кезінде тұлғаның жəне (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің осы тармақта белгіленген талаптарды орындауына салықтық тексеру жүргізуге құқылы.

10. Цифрлық майнинг пулы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей салық органына цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мəліметтерді ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысанын уəкілетті орган белгілейді.

11. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ АХҚО-ның өзге де қатысушылары есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей салық органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары жəне резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мəліметтерді ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысанын жəне оларды ұсыну тəртібін уəкілетті орган белгілейді.

12. Букмекерлік кеңсенің жəне (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар аппараттық-бағдарламалық кешендерді салық органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мəліметтерді салық органына ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің тізбесі мен нысанын уəкілетті орган белгілейді.

13. Бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушылары салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен мəмілелер туралы мəліметтерді, ал тауар биржалары жəне (немесе) тауар биржаларының клирингтік орталықтары - жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен жасаған мəмілелері туралы мəліметтерді ұсынады.

Сұрау салудың жəне осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысандарын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен жəне сауда қызметін реттеу саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді.

14. Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге жəне пайдалануға беретін тұлға (жалға беруші) мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарының тізілімін жасайды жəне есепті жылдан кейінгі жылғы 31 наурыздан кешіктірілмейтін мерзімде тұрған жеріндегі салық органына ұсынады.

Мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары тізілімінің нысанын, оны жасау жəне ұсыну тəртібін уəкілетті орган белгілейді.

15. Қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар АХҚО қатысушысы уəкілетті органға краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мəліметтерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысанын жəне оларды ұсыну тəртібін уəкілетті орган белгілейді.

16. Бақылау-касса машинасын жəне төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылықтар туралы ақпаратқа ие адам салық органына мынадай тəсілдердің бірімен:

бақылау-касса машиналарының чектерін бермеу фактілерін бейнетіркеумен;

уəкілетті орган бекіткен нысанға сəйкес келмейтін бақылау-касса машиналарының берілген чектерін фототіркеумен;

ақшаның мобильді аударымдар арқылы аударылғаны туралы банктік түбіртектермен расталған, өзіне белгілі бұзушылық фактілері туралы хабарлауға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам, мұндай факт расталған кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен сыйақы беруге жатады.

Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адамға қолданылмайды. Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

17. Салық органы жыл сайын ҰКП-ның сұрау салуы бойынша жиынтық жылдық кірістері «Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өлшемшарттарға сəйкес келетін, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексімен кəсіпкерлік субъектілеріне жатқызылған салық төлеушілердің атауы мен сəйкестендіру нөмірі туралы мəліметтерді ұсынады.

18. Интернет-платформалар операторлары салық органының сұрау салуы бойынша қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексіне сəйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар жөніндегі мəліметтерді салық органына ұсынады.

Өзара іс-қимыл жасау қағидаларын жəне осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысанын уəкілетті орган белгілейді.

19. Кредиттік бюролар активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық жəне (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мəліметтерді ұсынуға міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысандарын жəне осындай мəліметтерді ұсыну тəртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі жеке тұлғаның кредиттік тарихын қалыптастыру үшін банк ұйымдарының кредиттік бюроларға беретін мəліметтеріне қолданылмайды.

20. Қор биржалары сауда жүйелерін салық органының ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы өткізілген сауда-саттық қорытындылары бойынша жасалған мəмілелер жөніндегі мəліметтерді салық органына ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысанын уəкілетті орган белгілейді.

 

 

2-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕ

 

4-тарау. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕ

 

57-бап. Салықтық міндеттеме

Салықтық міндеттеме - салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекске сəйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі.

 

58-бап. Салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объект

1. Мүлік пен əрекет салық салу объектілері болып табылады, олардың болуына байланысты жəне (немесе) солардың негізінде салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.

2. Пайдаланылуы жəне (немесе) жасалуы салық төлеушіде салықтық міндеттеменің туындауына əсер ететін оның мүлкі жəне (немесе) əрекеті салық салуға байланысты объект болып табылады.

 

59-бап. Салықтық база

Салықтық база салық салу объектісінің құндық, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негізінде салықтардың жəне бюджетке төленуге жататын төлемдердің сомалары айқындалады.

 

60-бап. Салықтық мөлшерлеме

1. Салықтық мөлшерлеме - салық салу объектісінің немесе салықтық базаның өлшем бірлігіне есептегендегі салықты жəне бюджетке төленетін төлемді есептеу бойынша салықтық міндеттеменің шамасын білдіреді.

2. Салықтық мөлшерлеме пайыздармен немесе абсолюттік сомада белгіленеді.

 

61-бап. Салықтық кезең

Салықтық кезең - салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салықтық база айқындалады, салықтардың жəне бюджетке төленуге жататын төлемдердің сомалары есептеледі.

 

 

5-тарау. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ

 

62-бап. Салықтық міндеттемені орындау

1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтық міндеттемені орындауды өзі дербес жүзеге асырады.

2. Салық төлеуші салықтық міндеттемені орындау үшін мынадай əрекеттер жасайды:

1) салық органында тіркеу есебіне тұрады;

2) салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;

3) салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салықтық база мен салықтық мөлшерлемелерді негізге ала отырып, салықтардың жəне бюджетке төленуге жататын төлемдердің сомаларын есептейді;

4) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық жəне ағымдағы төлемдерді есептейді;

5) салықтық нысандарды жəне осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарды жасайды жəне салық органдарына ұсынады;

6) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген жəне есепке жазылған сомаларын, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық жəне ағымдағы төлемдерді төлейді;

7) осы Кодексте көзделген жағдайларда өсімпұлдар мен айыппұлдардың есепке жазылған сомаларын төлейді.

3. Салықтық міндеттемені орындау үшін салық агенті мынадай əрекеттер жасайды:

1) төлем көзінен ұсталатын салықтардың сомаларын есептейді;

2) салықтық есептілікті жəне осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарды жасайды жəне салық органдарына ұсынады;

3) төлем көзінен ұсталатын салықтардың есептелген жəне есепке жазылған сомаларын ұстайды жəне аударады;

4) əрбір салық төлеуші бойынша есепке жазылған жəне төленген кірістердің, төлем көзінен ұсталатын, ұсталған жəне бюджетке аударылған салықтарды есепке алуды жүргізеді;

5) осы Кодексте көзделген жағдайларда өсімпұлдар мен айыппұлдардың есепке жазылған сомаларын төлейді.

4. Салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені, Қазақстан Республикасының заңнамасында төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютамен төлеу тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындайды.

5. Салық төлеушінің салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі, сондай-ақ салық агентінің салықты аудару (төлеу) бойынша салықтық міндеттемесі:

1) қолма-қол ақшасыз нысанда:

банк ұйымы міндеттеме сомасына төлем тапсырмасын орындауға алған;

төлем жүзеге асырылған, оның ішінде осы тармақшаның екінші абзацында көзделмеген төлем құралы арқылы есепке жатқызу арқылы жүзеге асырылған күннен бастап;

2) қолма-қол ақша нысанында - көрсетілген сомаларды:

банк ұйымдарына;

уəкілетті мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып есептеледі.

6. Осы баптың 5-тармағында көзделген ережелерге қарамастан, салық агенті салықты ұстап қалу арқылы орындайтын, салық төлеушінің салықты төлеу бойынша салықтық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалды деп есептеледі.

Салық агенті салықты ұстап қалмай өз қаражаты есебінен орындайтын салық төлеушінің ұстап қалуға жататын салықты төлеу бойынша салықтық міндеттемесі осы баптың 5-тармағына сəйкес орындалды деп есептеледі.

7. Салық төлеушінің уəкілетті өкілі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені жəне əлеуметтік міндеттемені орындау кезінде ақша жөнелтуші төлем құжаттарында салық төлеушінің тегін, атын жəне əкесінің атын немесе атауын, сондай-ақ сəйкестендіру нөмірін көрсетеді.

8. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттеме осы Кодекске сəйкес есепке жатқызу жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.

9. Осы баптың 5-тармағына сəйкес айқындалатын күн салықты, бюджетке төленетін төлемді, əлеуметтік төлемді, өсімпұлдарды жəне айыппұлды төлеу күні деп танылады.

10. Салықтық берешекті өтеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі:

1) бересі сомасы;

2) есепке жазылған өсімпұлдар;

3) айыппұлдар сомасы.

 

63-бап. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу бойынша салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері

Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген жағдайларда салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлерінің сомасын есептеу жөніндегі міндет салық органына жəне (немесе) уəкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.

 

64-бап. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері

1. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері осы Кодексте белгіленеді.

Салықтық міндеттемені орындаудың басталуы оқиғаны, заңды əрекетті немесе күнді көрсетумен айқындалған осы міндеттемені орындау мерзімінің өтуі, тиісінше, осындай оқиға, заңды əрекет орын алған немесе күн басталған күннен кейінгі күннен басталады.

2. Салықтық міндеттеме:

1) қағаз жеткізгіште - белгіленген мерзімнің соңғы күні салық органының немесе Мемлекеттік корпорацияның жұмыс уақытының соңына дейін;

2) электрондық тəсілмен - белгіленген мерзімнің соңғы күні сағат жиырма төртке дейін орындалуы мүмкін.

Бұл ретте, егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда осындай күннен кейінгі келесі жұмыс күні салықтық міндеттемені орындаудың белгіленген мерзімі аяқталған күн болып есептеледі.

3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені мерзімінен бұрын орындауға құқылы.

4. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсыну бойынша салықтық міндеттемені салықтық кезең аяқталғаннан кейін орындайды.

 

65-бап. Салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдері

1. Мынадай:

1) салық органы салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы болатын;

2) салық төлеуші (салық агенті):

салықтық есептілікті ұсынуға міндетті;

салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы болатын;

салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды жəне (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы болатын уақыт кезеңі салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіруі деп танылады.

2. Талап қоюдың ескіру мерзімі:

1) салық төлеушілердің мынадай санаттары:

Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексімен ірі кəсіпкерлік субъектілеріне жатқызылған;

қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сəйкес жүзеге асыратын;

осы Кодекстің 33-тарауында белгіленген талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелері бар Қазақстан Республикасының резиденттері;

есепке жатқызу əдісімен төленген импортталатын тауарларға қосылған құн салығының сомалары бөлігінде қосылған құн салығын төлеушілер үшін бес жылды құрайды;