5. Уəкілетті орган айқындаған салық төлеушілер базасын қалыптастыру тəртібімен белгіленген құжаттармен қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама қызметтің жекелеген түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей салық органына ұсынылады.
6. Салық төлеушіде осы баптың 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер болған кезде əрбір салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектіні тіркеу есебі жеке-жеке жүргізіледі.
7. Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемелері болған жағдайда тіркеу есебіне қою əрбір ойын мекемесі бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады.
Ойын мекемесінің аумағында салық органдарында тіркелмеген салық салу объектілерін жəне салық салуға байланысты объектілерді пайдалануға жəне олардың болуына тыйым салынады.
105-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару
1. Салық органы салық төлеушіні қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде лицензиялауға жатпайтын қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен:
1) осы Кодекстің 104-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған;
2) барлық салық салу объектілерін жəне тіркеу деректерінде көрсетілген салық салуға байланысты объектілер есептен шығарылған жағдайларда шығарады.
2. Лицензиялауға жататын қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығаруды салық органы рұқсаттардың жəне лицензияның қолданылуын тоқтату туралы хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алынған мəліметтер негізінде жүргізеді.
3. Салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу есебінен шығару салық органының шешімі негізінде мынадай:
1) осы Кодекстің 104-бабы 1-тармағының 1), 2) жəне 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің:
мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісін жалға алу;
мұнай өнімдері базасын (резервуарды), автожанармай құю станциясын жалға алу;
автожанармай құю станциясының иесі (сенім білдірілген өкіл) тапсырма шарты бойынша өтініш берушінің (сенім білдірушінің) атынан жəне тапсырмасы бойынша бензинді (авиациялықтан басқа) жəне (немесе) дизель отынын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын автожанармай құю станциясының иесімен тапсырмалар;
мұнай өнімдерін өндірушімен мұнай жеткізушінің мұнайын өңдеу;
темекі бұйымдарын көтерме саудада сату кезінде қойма үй-жайын жалға алу шартының қолданылуы тоқтатылған;
2) осы Кодекстің 104-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;
3) осы Кодекстің 104-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) жəне 7) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші акциз бойынша декларацияны жəне (немесе) есеп-қисапты осы Кодексте белгіленген ұсыну күнінен кейінгі күннен бастап үш айлық кезең ішінде ұсынбаған жағдайларда жүргізіледі.
5-параграф. Салықтық тіркеу талаптарының сақталуын мониторингтеу
106-бап. Салықтық тіркеу талаптарының сақталуын мониторингтеу
Салықтық тіркеу талаптарының сақталуын мониторингтеу - салықтық тіркеу туралы ережелердің сақталуы бөлігінде осы Кодекс талаптарының сақталуын бақылау мақсатында салық төлеушінің қызметі туралы салық органында бар мəліметтерді жəне уəкілетті мемлекеттік органдардың, банк ұйымдарының өзге мəліметтерін жинау жəне талдау.
107-бап. Салықтық тіркеу тəртібінің сақталуына мониторинг жүргізу тəртібі
1. Салық төлеуші туралы мəліметтерді зерделеу жəне талдау нəтижелері бойынша осы Кодекстің талаптарын бұзу белгілері анықталған жағдайда салық төлеушіге салық органында тіркеу есебіне қою туралы хабарлама (бұдан əрі осы баптың мақсатында - хабарлама) ұсынылады.
Қызметін Қазақстан Республикасында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияға хабарлама ұсынылған кезде салық органы Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тəсілмен Қазақстан Республикасының халқын мұндай компанияның хабарламаны орындамауының салдары туралы хабардар етеді.
1) хабарламамен келіскен жағдайда хабарламада көрсетілген салықтық тіркелу туралы талапты орындайды;
2) хабарламамен келіспеген жағдайда осындай келіспеушілігін негіздей отырып, түсініктеме (бұдан əрі осы баптың мақсатында - түсініктеме) береді.
3. Түсініктеме еркін нысанда ұсынылады жəне мыналарды:
1) хабарламаны жіберген салық төлеушінің жəне салық органының сəйкестендіру деректерін;
2) хабарламаның күні мен нөмірін;
3) хабарламамен келіспеуінің негіздемесін қамтуға тиіс.
Салық төлеуші өзінің негіздемесін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беруге құқылы.
Хабарламаны түсініктеме беру арқылы орындау кезінде хабарламада көрсетілген бұзушылықтарға жатпайтын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
4. Ұсынылған түсініктемеде негіздеме болмаған жəне (немесе) негіздеме құжаттармен расталмаған жағдайда, хабарлама орындалмаған деп танылады.
5. Салық органы түсініктеме келіп түскен күннен кейінгі жиырма жұмыс күні ішінде, осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығарады.
Хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім (бұдан əрі осы баптың мақсатында - шешім) салық төлеушіге осындай шешім шығарылған күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде беріледі.
6. Қызметін Қазақстан Республикасында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияны қоспағанда, орындалмаған деп танылған хабарлама бойынша салық төлеушіге салықтық тексеру жүргізіледі.
7. Салық органы хабарламаны осы Кодексте белгіленген мерзімде:
1) қызметін Қазақстан Республикасында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияны қоспағанда, салық төлеуші орындамаған кезде - хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім шығарады;
2) қызметін Қазақстан Республикасында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компания орындамаған кезде - хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде осындай компанияның интернет-ресурстарына жəне (немесе) интернет-алаңына қолжетімділікті шектеу туралы шешім шығарады.
Егер көрсетілген бөлікте өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген қамтамасыз ету тəсілдері осы Кодекстің 5-тарауының 4-параграфында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде қолданылады.
6-параграф. Əрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімі. Салық төлеушінің қызметін мəжбүрлеу тəртібімен тоқтату
108-бап. Əрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімі
1. Салық органы əрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімін жүргізеді.
Əрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне соңғы салықтық есептілікті ұсынғаннан кейін он екі ай ішінде салықтық есептілікті дербес ұсынбаған салық төлеуші енгізіледі.
Осы баптың ережелері осы Кодекске сəйкес салықтық есептілік ұсынуды тоқтата тұрған салық төлеушілерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаға немесе құрылымдық бөлімшеге, дара кəсіпкерге қатысты қолданылады.
2. Салық органы жыл сайын 30 сəуірден кешіктірмей салық төлеушіні əрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізу туралы шешім шығарады.
Əрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімі уəкілетті органның интернет-ресурсында осындай шешім шығарылған күннен кешіктірілмей орналастырылады.
3. Салық төлеуші салықтық есептілігі нөлдік көрсеткіштермен ұсынылған деп автоматты түрде танылған салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынған кезде əрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығарылады.
Салық органының əрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығару туралы шешімін салық органы қосымша салықтық есептілік ұсынылған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
Əрекет етпейтін салық төлеушілердің жаңартылған тізілімі уəкілетті органның интернет-ресурсында салық органы салық төлеушіні əрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығару туралы шешім шығарған күннен кешіктірілмей орналастырылады.
4. Салық төлеушіні нөмірлер тізілімінен алып тастаған немесе дара кəсіпкерді тіркеу есебінен шығарған жағдайда мұндай салық төлеушілер бір мезгілде əрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығарылады.
109-бап. Салық төлеушінің қызметін мəжбүрлеу тəртібімен тоқтату
1. Əрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген жəне талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сəйкес келетін:
1) салықтық есептілікті дербес ұсынбаған;
2) экспорттық-импорттық операциялар жасамаған;
3) банктік шоттар бойынша төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;
4) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
5) басқа заңды тұлғаның басшысы жəне (немесе) құрылтайшысы, бірлескен кəсіпкерлікке қатысушы болып табылмайтын;
6) салықтық есептілік ұсынуды тоқтата тұрмаған;
7) жеке тұлғаларға мүлік, көлік құралдары салығын, жер салығын салу объектілерін қоспағанда, меншік құқығында көрсетілген салықтарды салу объектілері жоқ;
8) əлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
9) тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі жоқ салық төлеушінің қызметі мəжбүрлеу тəртібімен тоқтатылуға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері:
1) салықтық мониторингке жататын;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сəйкес қызметті жүзеге асыратын;
3) камералдық бақылау нəтижелері, салықтық тексерулер бойынша бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған немесе түсініктеме беру арқылы орындалған хабарламасы бар салық төлеушіге - мұндай бұзушылықтар болған кезде;
4) өзіне қатысты сот орындаушылары жəне (немесе) басқа да уəкілетті органдар шаралар (қамауға алу, шектеулер) қолданған;
5) ұлттық жəне (немесе) шетел валютасын репатриациялау мақсаттары үшін валюталық бақылау рəсімдері аяқталмаған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың тарапы болып табылатын немесе болып табылған;
6) талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде банктік шоттар бойынша төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған салық төлеушіге қолданылмайды.
Салық төлеушіні əрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізу кезінде ескерілген мерзім қызметті мəжбүрлеп тоқтату кезінде қаралатын кезеңге қосылады.
2. Салық төлеушінің қызметін мəжбүрлеу тəртібімен тоқтатуды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес заңды күшіне енген сот актісінің негізінде салық органы жүргізеді.
Қызметі мəжбүрлеу тəртібімен тоқтатылған салық төлеуші заңды күшіне енген сот актісінің негізінде салықтық тіркеу тəртібімен салық органының тіркеу есебінен шығарылады.
8-тарау. БАҚЫЛАУ-КАССА МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
110-бап. Бақылау-касса машинасын қолдану жөніндегі жалпы ережелер
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар деректерді тіркеп-белгілеу жəне (немесе) беру функциясы бар, модельдері кассалық машиналар тізіліміне енгізілген бақылау-касса машинасы міндетті түрде қолданылып жүргізіледі.
2. Бақылау-касса машинасын қолданудан:
2) жеке сот орындаушысы, адвокат жəне кəсіби медиатор;
3) қалалық қоғамдық көлікте билеттер бере отырып, тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі тұлға босатылады.
Қоғамдық қалалық көлік билеттерінің нысанын уəкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік орган бекітеді;
7) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, Ұлттық пошта операторы;
8) арнаулы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлға босатылады.
3. Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде болатын салық төлеуші ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машиналарын деректерді бермей қолданады.
4. Қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары немесе қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары деректерді тіркеп-белгілеу жəне (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасымен жарақтандырылуға жатады.
111-бап. Бақылау-касса машинасын қолдану
1. Бақылау-касса машинасын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:
1) ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;
2) өткізілген тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;
3) бақылау-касса машинасына салық органдары лауазымды адамдарының қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
2. Бақылау-касса машинасын қолдану:
1) бақылау-касса машинасының моделін кассалық машиналар тізіліміне енгізуді;
2) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қоюды;
3) бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптарды сақтауды;
4) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасындағы мəліметтерді өзгертуді;
5) салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығаруды;
6) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеп-белгілеу жəне (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мəліметтерді қабылдауды, сақтауды, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді көздейді.
Бақылау-касса машинасын қолдану тəртібін жəне бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптардың тізбесін уəкілетті орган белгілейді.
3. Техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары пайдаланылатын жеріндегі салық органдарына есепке қоюға жатады.
Бақылау-касса машинасын есепке қоюды, тіркеу карточкасының мəліметтерін өзгертуді жəне бақылау-касса машинасын есептен шығаруды салық органы мынадай негіздердің бірі:
1) деректерді тіркеп-белгілеу жəне (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы бойынша - фискалдық деректер операторының мəліметтері;
2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасы бойынша - бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш бойынша жүзеге асырады.
4. Бақылау-касса машинасын салық органында есептен шығару:
1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;
2) салық төлеуші таратылған, қайта ұйымдастырылған жəне оның қызметі тоқтатылған;
3) бақылау-касса машинасын техникалық ақауының болуына байланысты одан əрі қолдану мүмкін болмаған;
4) бақылау-касса машинасы кассалық машиналар тізілімінен алып тасталған;
5) бақылау-касса машинасының техникалық ақауы жоқ моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне ауыстырылған;
6) бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған жағдайларда, ұрланғаны туралы ішкі істер органдарында арыздың көшірмесі жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде жүргізіледі.
5. Уəкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша:
1) фискалдық деректердің əлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарын;
2) фискалдық деректер операторын тізбеге енгізу жəне тізбеден шығару тəртібін;
3) фискалдық деректер операторларының тізбесін белгілейді.
6. Уəкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органмен жəне Ұлттық Банкпен келісу бойынша:
1) үш құрауышты интеграцияланған жүйеге жəне оны есепке алуға қойылатын талаптарды;
2) оны орнату жəне қолдану тəртібін белгілейді.
112-бап. Салықтық нысандар
1. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық міндеттемелерді орындау мақсатында салықтық нысандарды жасайды жəне салық органына ұсынады.
Салықтық нысандарға мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда жəне тəртіппен салық төлеуші (салық агенті) салық органына Қазақстан Республикасының рұқсаттар жəне хабарламалар туралы заңнамасында көзделген хабарламаны ұсынады.
2. Салықтық нысандар қазақ немесе орыс тілінде жасалады жəне қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынылады.
Салықтық нысандар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен куəландырылады.
3. Салықтық нысандар талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде сақталады.
Салық төлеуші (салық агенті), оператор - заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлға үшін салықтық нысандарды сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына жүктеледі.
1. Салықтық өтініш - салық төлеушінің (салық агентінің) құжаты, ол осы Кодексте белгіленген жағдайларда оның құқықтарын іске асыру жəне міндеттерін орындау мақсатында салық органына ұсынылады.
2. Салықтық өтініштердің нысандарын уəкілетті орган бекітеді.
114-бап. Салықтық есептілік, салықтық есептіліктің түрлері
1. Салықтық есептілік - салық төлеуші (салық агенті), салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер, активтер мен міндеттемелер, кірістер мен мүлік туралы, сондай-ақ салықтық міндеттемелер мен əлеуметтік төлемдерді есептеу туралы мəліметтерді қамтитын салық төлеушінің (салық агентінің) құжаты.
2. Салықтық есептілікке декларациялар, оның ішінде тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтініш, сондай-ақ салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері, əлеуметтік төлемдер бойынша есеп-қисаптар жатады.
Декларация - декларацияның өзінен жəне қосымшалардан, есеп-қисап - есеп-қисаптың өзінен жəне қосымшалардан тұрады.
3. Егер осы Кодекстің 422-бабының 5-тармағында өзгеше көзделмесе, тауарларды əкелу жəне жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілік мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы салықтық есептілік - салық төлеушіні (салық агентін) салықтық тіркеу жүргізілген, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің белгілі бір түрі бойынша салықтық міндеттеме, сондай-ақ əлеуметтік міндеттеме алғаш рет пайда болған салықтық кезең үшін ұсынылатын салықтық есептілік;
2) кезекті салықтық есептілік - бастапқы салықтық есептілік ұсынылғаннан кейін келесі салықтық кезеңдерге ұсынылатын салықтық есептілік;
3) қосымша салықтық есептілік - бұрын ұсынылған салықтық есептілікке өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ұсынылатын салықтық есептілік;
4) хабарлама бойынша салықтық есептілік - салық органы хабарлама нысанында шешімді жіберген салықтық кезең үшін ұсынылатын салықтық есептілік.
Хабарлама бойынша бастапқы немесе қосымша салықтық есептілік ұсынылуы мүмкін;
5) таратудың салықтық есептілігі - салық төлеуші (салық агенті) қызметін тоқтатқан, таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеуші тіркеу есебінен шығарылған кезде ұсынылатын салықтық есептілік.
1) өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың салықтық есептілікті ұсынуы;
2) салық салу объектісі жəне (немесе) салық салуға байланысты объект болмаған кезде - кірістер болып табылмайтын жəне (немесе) салық салуға жатпайтын кірістерге байланысты төлемдерді көрсетуді көздейтін салықтық есептілікті қоспағанда, салықтық есептілікті;
3) декларацияларға жəне (немесе) есеп-қисаптарға қосымшаларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде декларацияларға жəне (немесе) есеп-қисаптарға қосымшаларды ұсыну талап етілмейді.
1) заңды күшіне енген сот актісі негізінде тіркеуі жарамсыз деп танылған дара кəсіпкердің немесе заңды тұлғаның салықтық есептілікті;
2) корпоративтік табыс салығы жəне (немесе) қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемелердің азаюына алып келетін, таратылған немесе қызметін тоқтатқан салық төлеушімен жасалатын мəмілелер бойынша сомаларды көрсету бөлігінде қосымша салықтық есептілікті ұсынуға тыйым салынады.
115-бап. Салықтық есептілікті ұсыну бойынша негізгі ережелер
1. Салықтық есептілікті ұсыну:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) ұсынуын;
2) салық органының қабылдауын;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) өзгерістер мен толықтырулар енгізуін;
4) салық төлеушінің (салық агентінің) ұсынуын тоқтата тұруды, қайта бастауды көздейді.
2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркеуден кейін веб-қосымшада ұсынылуға тиіс салықтық есептілік нысандарын көрсетеді.
Салықтық есептіліктің басқа нысандарын ұсыну қажеттілігін көздейтін қызмет түрлері өзгерген жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткенге дейін веб-қосымшада ұсынылуға тиіс салықтық есептілік нысандарын көрсетеді.
Корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Құрылымдық бөлімшені салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді дербес төлеуші деп тану үшін салық төлеуші (салық агенті) салық органын электрондық түрде хабардар етуге жəне веб-қосымшада салықтық есептіліктің осындай құрылымдық бөлімше ұсынуға тиісті нысандарын көрсетуге міндетті.
3. Салықтық есептілікті салық төлеуші (салық агенті) қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.
Салықтық есептілік:
2) салықтық мобильдік қосымша;
3) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес салық органының ақпараттық жүйесіне қосылған сыртқы ақпараттық жүйелер арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.
Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын жəне оларды ұсыну тəртібін (бұдан əрі - салықтық есептілікті ұсыну тəртібі) уəкілетті орган белгілейді.
«Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметкерлері салықтық есептілікті ерекше тəртіппен ұсынады.
Салықтық есептілікті ұсынудың ерекше тəртібін арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, уəкілетті орган айқындайды.
4. Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде:
арнаулы төлемдер бойынша;
жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары бойынша;
ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың;
бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде;
арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық есептілікті жасау мен ұсыну ерекшеліктері белгіленеді.
5. Салықтық есептілік салықтық есептіліктің толық жəне дұрыс толтырылуын форматты-логикалық бақылауға жатады.
Форматты-логикалық бақылау - форматтарының дұрыс болмауы, мəндердің, сомалардың қалдырылып кетуі немесе сəйкессіздіктер секілді қателерді анықтауды қоса алғанда, салықтық есептілікті жасаудың берілген өлшемдері мен логикалық қағидаларына сəйкестігі тұрғысынан салықтық есептілікте көрсетілген деректерді тексерудің автоматтандырылған процесі.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті):
1) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсынған салықтық есептілікті форматты-логикалық бақылау салық органының ақпараттық жүйесінде толтырған, қабылдаған жəне (немесе) өңдеген кезде жүзеге асырылады;
2) қағаз жеткізгіште ұсынған салықтық есептілікті форматты-логикалық бақылау салықтық есептілікті ұсыну тəртібіне сəйкес салық органының ақпараттық жүйесіне салық органының лауазымды адамы енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.
Форматты-логикалық бақылау қорытындылары бойынша осындай салықтық есептілікке «Құжат қабылданды» деген мəртебенің берілуі салықтық есептілікті ұсынылды деп танудың міндетті шарты болып табылады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген нысанда ұсынылған салықтық есептілікті форматты-логикалық бақылау қорытындылары бойынша
«Құжат қабылданбады» деген мəртебе берілген жағдайда, мұндай салықтық есептілік ұсынылмады деп танылады.
6. Осы Кодексте белгіленген бастапқы немесе кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткеннен кейін салық органының ақпараттық жүйесінде осы салықтық кезең үшін нөлдік көрсеткіштері бар тиісті салықтық есептілік автоматты түрде қалыптастырылады (бұдан əрі - автоматты салықтық есептілік).
Осы тармақтың ережелері дара кəсіпкердің қызметіне байланысты емес қызмет бойынша жеке тұлғалардың салықтық есептілікті ұсынуына қолданылмайды.