Салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну тәртібі құзыреті шегінде уәкілетті органның және тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның немесе Ұлттық Банктің бірлескен актісімен бекітілген өзара іс-қимыл жасау қағидаларында белгіленеді.
7) салықтық тексеру жүргізуге және бақылаудың өзге де нысандарына тартылған маманға (бұдан әрі - маман);
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға;
9) құзыреті шегінде қаралатын жолданымдар бойынша апелляциялық комиссияның мүшелеріне;
10) құзыреті шегінде қаралатын мәселелер бойынша Деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңестің (бұдан әрі - Консультативтік кеңес) мүшелеріне;
11) құзыреті шегінде қаралатын жолданымдар бойынша Салық салу мәселелері жөніндегі әдіснамалық кеңестің мүшелеріне;
12) құзыреті шегінде қаралатын жолданымдар бойынша салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарауды жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне;
13) тақырыптық салықтық тексеру шеңберінде «Өнім берушілер бойынша пирамида» талдамалық есебі бойынша өздерінің өнім берушілерінің анықталған бұзушылықтары бөлігінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап қойған салық төлеушілерге ұсынады.
7. Осы баптың ережелерін іске асыру мақсатында мәліметтер «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы ұсынылады. Интеграция болмаған жағдайда мәліметтер қағаз жеткізгіште не өзге электрондық нысанда ұсынылуы мүмкін.
Ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы мәліметтер алмасу жағдайында мәліметтерді ұсынудың бөлек тәртібін орнату талап етілмейді.
8. Осы баптың 6-тармағының ережелері «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық төлеуші туралы салық органы алған мәліметтерге қолданылмайды.
9. Салықтық құпияға қол жеткізе алатын адамдар өздерінің міндеттерін атқару кезеңінде, сол сияқты оларды атқаруды аяқтағаннан кейін де салықтық құпияны жария етпеуге тиіс.
10. Салықтық құпияны құрайтын мәліметтер қамтылған құжаттарды жоғалту не мұндай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
1) салық органының «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына сақтауға беруі салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.
Бұл ретте сақтауға берілген мұндай деректерді пайдалануды салық органы ғана жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу, сондай-ақ үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда алынған мәліметтерді мыналарға:
Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық тергеп-тексерулерді жүргізу кезінде үшінші елдің және (немесе) үшінші елдер одағының құзыретті органына;
Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты өтемақылық тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органына және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі - ЕЭК);
Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру мақсаттары үшін ЕЭК-ке беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды;
3) салық органының салық төлеуші (салық агенті) туралы, мыналарды:
салық төлеушінің (салық агентінің) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша өз салықтық міндеттемелерін, сондай-ақ әлеуметтік міндеттемені;
банк ұйымдарының осы Кодексте көзделген міндеттерді орындауы үшін қажетті мәліметтерді банк ұйымдарына беруі;
4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу мақсатында тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру үшін, сондай-ақ деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректер талдамасын жүзеге асыру үшін алынған мәліметтерді «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына беруі;
5) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды есепке алу және өңдеу үшін қажетті ақпараттандыру субъектілерінің ақпараттық жүйелеріне мәліметтерді беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды. Мұндай мәліметтерді пайдалануды салық органы ғана жүзеге асырады;
6) салық органының осы Кодекстің 56-бабының 16-тармағында көрсетілген мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі - ҰКП) беруі;
7) салық органының өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын және қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша салықтар мен әлеуметтік төлемдердің есептелген сомалары туралы мәліметтерді интернет-платформа операторына беруі салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.
2-параграф. Салық органының салық төлеушімен (салық агентімен) өзара іс-қимыл жасауы
46-бап. Салық органының салық төлеушімен (салық агентімен) өзара іс-қимыл жасауының жалпы ережелері
1. Салық органы салық төлеушімен (салық агентімен) тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында мынадай:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені орындауы үшін жағдайлар жасау;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені уақтылы орындауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға құқылы.
1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептіліктің, салықтық өтініштер нысандарының бланкілерін және (немесе) салықтық есептілік пен салықтық өтінішті электрондық құжат нысанында ұсыну үшін қажетті бағдарламалық қамтылымды, оның ішінде веб-қосымшаны тегін береді;
2) жыл сайын, салықтық есептілік ұсынылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей, салықтық есептіліктің электрондық форматының құрылымын және форматтық-логикалық бақылау талаптарын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады;
3) бейрезидент-салық төлеушіге, салық агентіне Қазақстан Республикасындағы көздерден түскен кірістер мен ұстап қалынған (төленген) салықтардың бейрезидент алған сомалары туралы анықтамаларды ұсынады;
4) салық төлеушіге (салық агентіне) веб-қосымша арқылы жеке шоттан салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді көшірмелерді және олар бойынша бере шектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынады.
Жеке шоттан салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді көшірменің нысаны жеке шотты жүргізу тәртібімен айқындалады.
5) аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық міндеттемелерді орындау мәселелері жөнінде хабардар ету үшін:
1) тұрған жеріндегі салық органына өзінің, салық төлеуші (салық агенті) заңды тұлға болып табылған жағдайда, заңды тұлға басшысының және (немесе) бюджетпен есеп айырысуларды жүзеге асыратын жұмыскердің (бар болса) ұялы байланыс абоненттік нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайлары туралы мәліметтерді ұсынады және олардың жаңартылып отыруын қамтамасыз етеді;
2) салық органының веб-қосымшасында немесе өзге де ақпараттандыру объектісінде тіркеледі.
47-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемелерді орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар
Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемелерді орындауы үшін мыналар:
1) жаңадан тіркелген салық төлеушілерді салықтық міндеттемелерді орындау тәртібіне, оның ішінде салық органының ақпараттандыру объектілерін пайдалана отырып оқытып-үйрету арқылы;
2) салық органдарының мемлекеттік қызметтерін көрсетуді, оның ішінде салық органдары сервистік топтарының:
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың;
екі айдан артық уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін сырқаттары бар адамдардың;
бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж сексен жастан асқан қарт адамдардың;
аумақтарында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ шалғай елді мекендерде тұратын жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауын қамтамасыз ету арқылы жағдайлар жасайды.
Салық органының сервистік тобы деп салық органдарының лауазымды адамдарынан тұратын, мыналар:
салықтық міндеттемелерді орындау, оның ішінде жеке тұлғалардың декларацияларын жасау мен ұсыну бойынша салық төлеушілерге ақпараттық-түсіндіру тұрғысынан қолдау көрсететін;
салық органы сервистік тобының ережесіне сәйкес салық органдарының өзге де мемлекеттік қызметтерін көрсететін көшпелі топ түсініледі.
Салық органының сервистік тобы туралы үлгілік ережені уәкілетті орган бекітеді.
Сервистік топтың құрамын және салық органының сервистік тобы туралы ережені сервистік топ туралы үлгілік ереженің негізінде салық органының басшысы бекітеді;
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияны;
жеке тұлғалардың активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларын;
жаңадан тіркелген қосылған құн салығын төлеушілер үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну үшін салық органында бар мәліметтердің негізінде салықтық есептіліктің нысандарын алдын ала толтыру арқылы жағдайлар жасайды.
Салық органы алдын ала толтырған салықтық есептілікте көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру салық төлеушіге жүктеледі;
4) салық төлеушіге (салық агентіне) телефон байланысы арқылы салықтық міндеттемені орындауға байланысты мәселелер бойынша түсіндірме беру арқылы жағдайлар жасайды.
48-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені уақтылы орындауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені уақтылы орындауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға мыналар жатады:
1) салық төлеушіге (салық агентіне) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бейне, аудио және басқа да техникалық құралдар арқылы салықтық міндеттемені орындау мерзімдерінің басталғаны туралы хабарлау;
2) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық міндеттеме мәселелері бойынша ақпараттандыру объектілері арқылы ақпараттық хабарламалар жіберу.
49-бап. Салық органының және салық төлеушінің (салық агентінің) құжаттар мен ақпаратты ұсыну жөніндегі жалпы ережелер
1. Салық органы және салық төлеуші (салық агенті) құжаттарды және (немесе) ақпаратты осы Кодекстің 50 және 51-баптарында айқындалған тәртіппен береді.
Салық органының шешімдері де осы параграфтың мақсатындағы құжаттарға жатады.
2. Құжат және (немесе) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан мен мазмұнға қойылатын талаптар сақтала отырып беріледі.
Құжаттарды және (немесе) ақпаратты электрондық тәсілмен беру Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
3. Салық органының шешімдері мынадай нысандарда қабылданады:
1) хабархат;
2) хабарлама;
3) қорытынды;
4) ұсыным;
5) талап;
6) шешім;
7) бұйрық;
8) өкім;
9) акт;
10) қаулы;
11) анықтама;
12) куәлік;
13) хаттама;
14) нұсқама;
15) сертификат;
16) резиденттікті растайтын құжат.
Салық органының шешім қабылдау тәртібі, оны ұсыну және орындау мерзімдері осы Кодекске сәйкес белгіленеді.
4. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, салық органының шешімінде міндетті түрде мынадай ақпарат:
1) күні мен нөмірі;
2) тақырыбы;
3) салық органының сәйкестендіру деректері;
4) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру деректері;
5) қабылдану негізі;
6) салық органының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзу фактісін айғақтайтын дәлелдерді негіздеген және мән-жайларды ашып көрсеткен қорытындысы;
7) осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай шешімнің орындалу тәртібі мен мерзімі;
8) осы Кодексте көзделген орындалу тәртібі мен мерзімін бұзудың салдары қамтылуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6), 7) және 8) тармақшаларында айқындалған ақпарат салық органының шешімдерінде анықтама, куәлік, хаттама, нұсқама, сертификат және резиденттікті растайтын құжат нысанында көрсетілмеуі мүмкін.
Салық органының шешімдері осы Кодексте көзделген жағдайларда қосымша ақпаратты қамтуы мүмкін.
Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық органы шешімдерінің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
Салық органының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып қабылданатын салық органының шешімдері осындай ақпараттық жүйенің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуы мүмкін.
5. Осы параграфтың құжаттар мен ақпарат алмасу бөлігіндегі ережелері салық органының осы Кодексте ұсынудың ерекше тәртібі айқындалған немесе таратылуына тыйым салынған шешімдеріне қолданылмайды.
50-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) құжатты салық органына ұсыну тәртібі
1. Салық төлеушінің (салық органының) құжаты салық органына мынадай тәсілдердің бірімен:
1) өзі келу тәртібімен (оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы) - қағаз жеткізгіште немесе хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы ұсынылады. Қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті Мемлекеттік корпорация арқылы және хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы ұсынуға жол берілмейді;
2) электрондық тәсілмен (ақпаратты компьютерлік өңдеуге мүмкіндік беретін электрондық нысанда) - электрондық құжат нысанында ұсынылады.
2. Ұсынылу тәсіліне қарай мынадай күн:
1) өзі келу тәртібімен - салық органы немесе Мемлекеттік корпорация құжатты тіркеген күн;
2) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы - осындай ұйымның қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;
3) электрондық тәсілмен (ақпаратты компьютерлік өңдеуге мүмкіндік беретін электрондық нысанда) - салық органының ақпараттық жүйесі орталық торабының салықтық есептілікті қабылдаған күні;
4) электрондық тәсілмен - «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құжаттар алмасуды қамтамасыз ететін өзге де ақпараттандыру объектісі арқылы жіберілген күн құжаттың салық органына ұсынылған күні болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана отырып салықтық нысандарға қол қоюға және куәландыруға жол беріледі.
51-бап. Салық органының салық төлеушіге (салық агентіне) құжатты ұсыну тәртібі
1. Салық органының лауазымды адамы құжатты салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзіне қолын қойғызып қағаз жеткізгіште табыс ету немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен жіберу арқылы ұсынады.
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жөнелту мен алу фактісін растайтын мынадай тәсілдермен:
1) салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап - хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы жіберілген кезде құжат табыс етілді деп есептеледі.
Бұл ретте пошта немесе өзге де байланыс ұйымының құжатты қағаз жеткізгіште жеткізуі оның қабылданғаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
веб-қосымшаға, арнаулы мобильді қосымшаға және (немесе) салықтық мобильді қосымшаға;
веб-порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама жібере отырып, веб-порталдағы пайдаланушының кабинетіне;
салық органының өзге де ақпараттандыру объектісіне жеткізілген күннен бастап электрондық тәсілмен жіберілген кезде табыс етілді деп есептеледі.
Бұл тәсіл тиісті ақпараттандыру объектісінде тіркелген салық төлеушіге (салық агентіне) қолданылады;
3) өзі келу тәртібімен құжат қағаз жеткізгіште алынған күннен бастап - Мемлекеттік корпорация арқылы жіберілген кезде табыс етілді деп есептеледі.
3. Пошта немесе өзге де байланыс ұйымы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген құжатты салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарған кезде, салықтық зерттеп-қарау жүргізілген күн осындай құжаттың табыс етілген күні болып табылады.
4. Пошта немесе өзге де байланыс ұйымы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны немесе салықтық зерттеп-қарау актісі негізінде аяқталған салықтық тексерудің қорытындылары бойынша жіберілген, тарату кезеңінде есепке жазылған сомалар туралы хабарламаны қайтарған кезде осындай қайтару күні табыс етілген күн болып есептеледі.
5. Салық төлеуші (салық агенті) бас тартқан жағдайда, салық органының лауазымды адамы салық органының шешімін алудан (салық органы шешімінің данасына қол қоюдан) бас тартқаны туралы акт (бұдан әрі - бас тарту туралы акт) жасайды.
Бас тарту туралы акт куәгерлердің қатысуымен жасалады.
2) салық төлеуші (салық агенті) алудан немесе оның данасына қол қоюдан бас тартқан салық органы шешімінің күні, нөмірі;
3) әрбір куәгердің тегі, аты және әкесінің аты, жеке басты куәландыратын құжаттың түрі мен нөмірі, сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты жерінің мекенжайы;
4) салық төлеушінің (салық агентінің) бас тарту себептері көрсетіледі.
Бас тарту туралы актіге оны жасаған салық органының лауазымды адамы мен куәгерлер қол қояды.
Салық органының лауазымды адамы әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтерді, бейнежазбаларды немесе басқа да материалдарды бас тарту туралы актіге қоса беруге құқылы.
7. Осы баптың ережелері осы Кодекстің және сақталуын бақылау салық органына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында салық органының шешімді өзге де тұлғаларға ұсынуы кезінде де қолданылады.
3-параграф. Уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау
52-бап. Салық органының уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жасауы
1. Салық органы салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезінде уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жасайды.
Өзара іс-қимыл жасау шеңберінде мәліметтерді ұсыну ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйелер интеграцияланғанға дейін мәліметтер қағаз жеткізгіште не өзге де электрондық тәсілмен ұсынылуы мүмкін.
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар және Мемлекеттік корпорация:
1) салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органына жәрдем көрсетуге;
2) ақпараттық жүйелердің салық органының ақпараттық жүйесімен интеграциялануын қамтамасыз етуге;
3) салық органына өз құзыреті шегінде өздеріне жүктелген міндеттерді орындау мен функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде тізбеге, мерзімге, тәртіпке және уәкілетті орган мен тиісті уәкілетті мемлекеттік органның бірлескен актісімен бекітілген өзара іс-қимыл жасау қағидаларында белгіленген нысандарға сәйкес дербес деректер қамтылған мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Мемлекеттік корпорацияның мәліметтерді ұсынуы уәкілетті орган мен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген өзара іс-қимыл жасау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы мәліметтер алмасылған жағдайда мәліметтерді ұсынудың жеке тәртібін белгілеу талап етілмейді.
3. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:
1) жеке тұлғалар төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын жинауды ұйымдастырады;
2) жеке тұлғаларға есептелген мүлік салығының сомасы туралы хабарламаларды салық органы есептеген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуды қамтамасыз етеді.
4. Мемлекеттік корпорация және бюджетке төленетін төлемдерді жинауды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынылатын мәліметтерде салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін көрсетуге міндетті.
5. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган салық органының сұрау салуы бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты оның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша сақтандыру міндеттемелері туралы қорытынды ұсынады.
Осы тармақта көрсетілген қорытындының нысаны, оны ұсыну тәртібі мен мерзімі уәкілетті органның және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген өзара іс-қимыл жасау қағидаларында белгіленеді.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Сыртқы істер министрлігі) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі (бұдан әрі - дипломатиялық өкілдік) тұрған жеріндегі салық органына осындай дипломатиялық өкілдіктің аккредиттелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде аккредиттелгенін және орналасқан жерін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері өздерінің тұрған жеріндегі салық органдарына Қазақстан Республикасы экология заңнамасының сақталуы бойынша тексерулерді (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру барысында анықталған қоршаған ортаға теріс әсер етудің нақты көлемдері туралы мәліметтерді ұсынады.
Қоршаған ортаға теріс әсер етудің нақты көлемдері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау ескеріле отырып, сот актісі заңды күшіне енген немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау мерзімдері өткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтердің нысаны және оларды ұсыну тәртібі уәкілетті орган мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген өзара іс-қимыл жасау қағидаларында белгіленеді.
53-бап. Салық органының Ұлттық Банкпен өзара іс-қимыл жасауы
1. Салық органы салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезінде Ұлттық Банкпен өзара іс-қимыл жасайды.
Өзара іс-қимыл жасау шеңберінде мәліметтерді ұсыну ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйелер интеграцияланғанға дейін мәліметтер қағаз жеткізгіште не өзге де электрондық тәсілмен ұсынылуы мүмкін.
1) салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органына жәрдем көрсетуге;
2) ақпараттық жүйелердің салық органының ақпараттық жүйесімен интеграциялануын қамтамасыз етуге;
3) салық органына өз құзыреті шегінде өздеріне жүктелген міндеттерді орындау мен функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде уәкілетті орган мен Ұлттық Банктің бірлескен актісімен бекітілген өзара іс-қимыл жасау қағидаларында (бұдан әрі - уәкілетті орган мен Ұлттық Банктің өзара іс-қимыл жасау қағидалары) белгіленген тізбеге, мерзімге, тәртіпке және нысандарға сәйкес дербес деректер қамтылған мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы мәліметтер алмасылған жағдайда мәліметтерді ұсынудың жеке тәртібін белгілеу талап етілмейді.