3. Ұлттық Банк пен банк ұйымдары салық органына валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды ұсынады.
Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысаны, осындай қорытындыны ұсынудың тәртібі мен мерзімдері уәкілетті орган мен Ұлттық Банктің өзара іс-қимыл жасау қағидаларында белгіленеді.
1) жеке тұлғаның (жеке тұлғаға), заңды тұлғаның (заңды тұлғаға), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшесіне) мәмілелер (келісімшарттар) бойынша, оның ішінде тауарсыз операциялар бойынша уәкілетті банктер арқылы жүргізілген, 50 000 АҚШ доллары сомасы баламасындағы валюталық операциялар бойынша Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына төлемдері және (немесе) ақша аударымдары туралы уәкілетті банктерден алынған ақпаратты уәкілетті органға береді;
2) осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезиденттің кірістері деп танылатын операциялар туралы мәліметтерді салық органына ұсынады;
3) АХҚО қатысушылары АХҚО аумағында жүргізілген валюталық операциялар туралы АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінен алынған мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат пен мәліметтер уәкілетті орган мен Ұлттық Банктің өзара іс-қимыл жасау қағидаларында белгіленген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде ұсынылады.
54-бап. Салық органының қаржы жəне төлем ұйымдарымен, коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауы
1. Қаржы жəне төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер салықтық əкімшілендіруді жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органына жəрдем көрсетуге міндетті.
Өзара іс-қимыл жасау шеңберінде мəліметтерді ұсыну ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйелер интеграцияланғанға дейін мəліметтер қағаз жеткізгіште не өзге де электрондық тəсілмен ұсынылуы мүмкін.
Ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы мəліметтер алмасылған жағдайда мəліметтерді ұсынудың жеке тəртібін белгілеу талап етілмейді.
2. Коллекторлық агенттіктер тұрған жердегі салық органына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей:
1) құқықтың (талаптың) коллекторлық агенттікке өтуі талаптарын қамтитын шарттар;
2) коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талапқа) қатысты кредитордың құқықтарын іске асыратын салық төлеушілер жөніндегі мəліметтерді ұсынуға міндетті.
3. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандар, орталық депозитарий, брокерлер жəне (немесе) дилерлер салық органына:
1) бейрезидент-жеке тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаларға, бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мəліметтерді;
2) шет мемлекеттің уəкілетті органының Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу туралы халықаралық шартына (бұдан əрі - халықаралық шарт) сəйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке жəне заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоттардың бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мəліметтерді жəне осындай тұлғалар жеке немесе заңды тұлғамен жасасқан шартқа қатысты өзге де ақпаратты ұсынуға міндетті.
4. Инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандар салық органына:
1) бейрезидент-жеке тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаларға, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге активтердің бар-жоғы туралы мəліметтерді;
2) шет мемлекеттің уəкілетті органының ақпарат алмасу туралы халықаралық шартқа сəйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке жəне заңды тұлғаларға тиесілі, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, өзге активтердің бар-жоғы туралы мəліметтерді, сондай-ақ осындай тұлғалар жеке немесе заңды тұлғамен жасасқан шартқа қатысты өзге де ақпаратты ұсынуға міндетті.
5. Қызметін «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары салық органына:
1) бейрезидент-жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мəліметтерді;
2) шет мемлекеттің уəкілетті органының ақпарат алмасу туралы халықаралық шартқа сəйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мəліметтерді, сондай-ақ осы жинақтаушы сақтандыру шарттарына қатысты өзге де ақпаратты ұсынуға міндетті.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мəліметтерді салық органына ұсынуға міндетті.
7. Осы баптың 1 - 6-тармақтарында көзделген мəліметтердің нысандарын, оларды ұсыну тəртібі мен мерзімдерін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді.
8. Брокерлер салық органына сауда-саттық қорытындылары бойынша жасалған бағалы қағаздармен мəмілелер жөніндегі мəліметтерді, ал тауар биржалары жəне (немесе) тауар биржаларының клирингтік орталықтары ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен тұлғалардың мəмілелері туралы мəліметтерді ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысанын уəкілетті орган белгілейді.
9. Төлем ұйымдары қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына жəне бөлінісінде күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мəліметтерді салық органына ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысандарын, оларды ұсыну тəртібі мен мерзімдерін Ұлттық Банкпен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді.
55-бап. Салық органының банк ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауы
1. Банк ұйымдары салықтық əкімшілендіруді жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органына жəрдем көрсетуге міндетті.
Өзара іс-қимыл жасау шеңберінде мəліметтер алмасу телекоммуникация желісі арқылы жүзеге асырылады, техникалық істен шығу туындаған жағдайларда мəліметтер қағаз жеткізгіште жіберіледі.
1) заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, дара кəсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның банктік шоттар ашқаны, жапқаны не «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда осындай тұлғалардың сəйкестендіру нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың жеке сəйкестендіру кодының өзгергені туралы олар ашылған, жабылған не өзгерген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық органын хабардар етуге міндетті.
Хабарлама мыналар:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жəне ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, əлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан əрі - МƏСҚ) активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді жəне инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банктік шоттар бойынша;
бейрезидент-заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттары, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттары бойынша;
мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) МƏСҚ-тан төленетін жəрдемақылар мен əлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттар бойынша;
нотариус депозиті шарттарында ақшаны есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттар бойынша;
жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты, эскроу-шоттар бойынша;
«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттар бойынша талап етілмейді.
2) Ұлттық Банкпен келісу бойынша уəкілетті орган белгілеген тəртіппен, мерзімдерде жəне нысан бойынша салық органына:
ақпарат алмасу туралы халықаралық шартқа сəйкес банктік шоттардың бар-жоғы жəне олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент-жеке тұлғалардың, бейрезидент-заңды тұлғалардың, бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруында өзге мүліктің бар-жоғы, түрі жəне құны туралы мəліметтерді;
мəліметтері арнаулы мобильдік қосымшаға түсетін төлемдер сомаларын қоспағанда, жеке тұлғаның, арнаулы салық режимін қолданатын жəне (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушы болып табылатын дара кəсіпкердің кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотына күнтізбелік айда түскен төлемдердің жиынтық сомалары туралы мəліметтерді;
қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына жəне бөлінісінде жүзеге асырылған, бір тоқсандағы төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мəліметтерді беруге міндетті;
3) салық органының сұрау салуы бойынша ақпарат алмасу туралы халықаралық шартқа сəйкес жіберілген шет мемлекеттің уəкілетті органының сұрау салуында көрсетілген ақпаратты, оның ішінде мыналарды:
банктік шоттардың бар-жоғы жəне олардың нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мəліметтерді;
банктік қызметтер көрсетуді көздейтін, жеке немесе заңды тұлға мен банк ұйымы арасында жасалған шартқа қатысты өзге де ақпаратты, сондай-ақ өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе жеке жəне заңды тұлғалардың басқаруындағы мүліктің бар-жоғы, түрі мен құны туралы мəліметтерді қоса ұсынады;
4) шетелдік пен азаматтығы жоқ адам төлейтін, бюджетке төленетін төлемдерді қоспағанда:
сəйкестендіру нөмірлері жоқ;
нөмірлер тізілімдерінің деректеріне сəйкес келмейтін сəйкестендіру нөмірлері көрсетілген, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, əлеуметтік төлемдерді төлеудегі төлем құжатын орындаудан бас тартуға;
5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уəкілетті орган ұсынған деректерде көлік құралының сəйкестендіру нөмірі болмаған жағдайды қоспағанда, жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын төлеу бойынша төлем құжатында көрсетілген жеңіл жəне жүк автомобильдерінің, автобустардың сəйкестендіру нөмірі көрсетілген орган ұсынған деректерге сəйкес келмеген кезде төлем құжатын орындаудан бас тартуға;
6) дара кəсіпкерге немесе заңды тұлғаға берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кірістерді тану тоқтатылған кезде, есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық органын мұндай тануды тоқтату туралы хабардар етуге міндетті.
Дара кəсіпкерге немесе заңды тұлғаға берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кірістерді тану туралы хабарламаның нысанын уəкілетті орган белгілейді;
7) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін клиенттің банктік шоттарда ақшасы жеткілікті болған кезде, банктік шоттан салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмаларын бірінші кезектегі тəртіппен орындауға;
8) салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді орындауға жəне салық органының инкассолық өкімін (бұдан əрі - инкассолық өкім) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тəртібімен орындауға;
9) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шоттарда клиенттің ақшасы жеткілікті болған кезде инкассолық өкімді осындай өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей орындауға;
10) Қазақстан Республикасы Əлеуметтік кодексінің талаптарын ескере отырып, инкассолық өкімді орындауға;
11) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шоттарда ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған кезектілік тəртібімен салықтық берешекті өтеу есебіне ақшаны алып қоюды жүргізуге;
12) салық төлеушінің (салық агентінің) ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған кезде ұлттық валютадағы инкассолық өкімнің негізінде шетел валютасындағы банктік шоттарынан салықтық берешекті өндіріп алуды жүргізуге міндетті;
13) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің жəне əлеуметтік төлемдердің сомаларын:
төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асыруды қоспағанда, салық төлеуші оларға бастамашылық жасаған күні;
төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асыру кезінде салық төлеушінің банктік шотынан ақша есептен шығарылған күннен бастап бір операциялық күннен кешіктірмей;
операциялық күн ішінде, бірақ банк ұйымдарының кассаларына қолма-қол ақша енгізілген не электрондық терминалдары арқылы енгізілген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
14) тексерілетін дара кəсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның немесе заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша ақшасының бар-жоғын жəне жасалатын операцияларын тексеруге салық органдарының лауазымды адамын нұсқамасы болған кезде жіберуге;
15) корреспонденттік операцияларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім бойынша оның банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тəртіппен тоқтата тұруға;
16) міндеттемені орындау арқылы оны тоқтатуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес дара кəсіпкер немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушыға берілген банктік қарыз шарттары бойынша міндеттемелер тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушының тұрған жеріндегі салық органын тоқтатылған міндеттеменің мөлшері туралы хабардар етуге міндетті;
17) салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
салық салуға байланысты мəселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның жəне (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
осы Кодекстің 417-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сəйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаның;
салық салуға байланысты мəселелер бойынша тексерілетін жеке тұлғаның, оның ішінде дара кəсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның;
тарату (қызметін тоқтату) сатысындағы дара кəсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның;
орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы жүргізілген салықтық зерттеп-қараумен расталған жəне осы Кодексте белгіленген ұсынылу мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салықтық есептілікті өз бетінше ұсынбаған дара кəсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның жəне (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін қызметін оңайлатылған тəртіппен тоқтатқан дара кəсіпкердің;
туындаған күнінен бастап екі ай ішінде тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салықтық берешегі бар дара кəсіпкердің, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің;
əрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген дара кəсіпкердің жəне заңды тұлғаның;
Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тəртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің жəне мəслихатының депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның жəне оның жұбайының (зайыбының);
мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның жəне оның жұбайының (зайыбының);
өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік қызметті атқаратын адамның жəне осы кезеңдегі оның жұбайының (зайыбының);
жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның;
қызметі құмар ойындарды жəне (немесе) бəс тігуді ұйымдастыру жəне өткізу болып табылатын заңды тұлғаның;
өздеріне қатысты электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне салыстырмалы бақылау жүргізілетін тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы жəне олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мəліметтерді ұсынуға міндетті.
Осы Кодекстің 417-бабы 1-тармағының 8) жəне 9) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банктік шоттардың бар-жоғы жəне олардың нөмірлері туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың осы шоттарындағы ақша қалдықтары туралы мəліметтерді ұсынуға міндетті.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің сегізінші абзацын қоспағанда, осы тармақшада көзделген мəліметтердің нысандарын Ұлттық банкпен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді. Бұл ретте осы тармақшаның үшінші абзацында көзделген мəліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жəне кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндетінің негіздерін жəне олардың туындау кезеңін көрсете отырып, салық органының сұрау салуы бойынша ұсынылады.
18) сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мəліметтерді салық органына ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысанын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді.
19) корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен жəне МƏСҚ-тан төленетін жəрдемақылар мен əлеуметтік төлемдерді, мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жəне (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, алименттерді (кəмелетке толмаған жəне еңбекке жарамсыз кəмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алуға арналған банктік шоттарды, сондай-ақ «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарды, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жəне (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан есепке жатқызылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды қоспағанда, мыналарға:
əрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген салық төлеушіге;
осы банк ұйымдарында ашылған, салық органы инкассолық өкім немесе салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім берген банктік шоты бар салық төлеушіге;
салықтық берешегі, əлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттарды ашудан бас тартуға міндетті.
Бұл ретте салықтық берешегі, əлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеуші келіскен жағдайда, банк ұйымдары толық өтелгеннен кейін осындай банктік шот бойынша шығыс операцияларын жүзеге асыру шартымен, оның ішінде салық төлеушінің салықтық берешегін, əлеуметтік төлемдер бойынша берешегін өтеу есебіне сомаларды көрсетілген банктік шоттан аудару арқылы банктік шот ашуға құқылы.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері:
бас банк Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сəйкес екінші деңгейдегі банктердің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операциялар шеңберінде екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына банктік шоттарды жəне оларды қайта ұйымдастыру шеңберінде оны біріктірген жағдайда екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына құқық мирасқоры банк ашатын банктік шоттарды ашқан кезде;
өзіне қатысты банкрот деп тану жəне банкроттық рəсімін қозғай отырып тарату туралы сот актісі заңды күшіне енген салық төлеуші банктік шоттарды ашқан кезде;
салық төлеуші банктік шотты ашу үшін банк ұйымдарына өтініш жасаған күні осы тармақшаның бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген берешек сомасын төлеген кезде қолданылмайды;
20) салық төлеушілер тұрған жеріндегі салық органына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей:
коллекторлық қызметті құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттың шеңберінде жүзеге асыратын;
коллекторлық агенттікпен жасасқан сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талап етуге) қатысты кредитордың құқықтарын іске асыратын салық төлеушілер жөніндегі мəліметтерді ұсынуға міндетті.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің нысандарын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді;
21) салық органына тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерде банктік шоттардың бар-жоғы жəне олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мəліметтерді Ұлттық Банкпен келісу бойынша уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жəне мерзімдерде ұсынуға;
22) салық органына салық төлеушілердің - дара кəсіпкерлердің немесе жеке практикамен айналысатын адамдардың, заңды тұлғалардың жекелеген санаттары бойынша ақы төлеу терминалын қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жылдағы көрсетілетін қызметтерге төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мəліметтерді ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мəліметтер ұсынылатын салық төлеушілердің санаттарын, оларды ұсыну нысанын, тəртібі мен мерзімдерін Ұлттық Банкпен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді;
23) салық органына Ұлттық Банктің, уəкілетті органның жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген кəсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларына сəйкес мəліметтерді жəне (немесе) құжаттарды ұсынуға;
24) жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мəліметтерді беруге міндетті.
Жеке тұлғаның банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мəліметтер осы тармақшаның бірінші бөлігінде айқындалған операцияларды жүргізу анықталған кезең үшін ұсынылады.
Жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мəліметтердің тізбесі мен берілу тəртібін Ұлттық Банкпен келісу бойынша уəкілетті орган белгілейді;
25) салық органына валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны ұсынуға міндетті.
Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын, осындай қорытындыны ұсыну тəртібі мен мерзімдерін уəкілетті орган Ұлттық Банкпен келісу бойынша белгілейді.
1) салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жойғанға дейін салық төлеуші (салық агенті) осындай өкімде көрсетілген салықтық берешегінің сомасын өтеген кезде банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес инкассолық өкімді, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді тиісті салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге қайтаруға құқылы.