12) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттеме тоқтатылған күнге дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушыға берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелер тоқтатылған кезде қарыз алушының орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органын күнтізбелік отыз күн ішінде тоқтатылған міндеттеменің мөлшері туралы хабардар етуге міндетті.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері міндеттеме орындау жолымен тоқтатылған кезінде қолданылмайды;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 208-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша өзгертілді
13) салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
салық салуға байланысты мәселелер бойынша, тексерілетін жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның;
осы Кодекстің 59 және 66-баптарына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындаудың ерекшеліктері қолданылатын дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның;
тұратын жерінде іс жүзінде болмауы осы Кодекстің 70-бабында айқындалған тәртіппен расталған және салықтық есептілікті ұсынудың осы Кодексте белгіленген мерзімінен кейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, алты ай өткенге дейін оны ұсынбаған, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін, осы Кодекстің 67-бабына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жеке тұлғаның;
туындаған күнінен бастап екі ай бойы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салықтық берешегі бар, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған әрекет етпейтін жеке тұлғаның, заңды тұлғаның;
Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның және оның жұбайының (зайыбының);
мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның және оның жұбайының (зайыбының);
өз өкілеттіктерін орындаған кезеңде мемлекеттік қызметті атқаратын адамның және осы кезеңде оның жұбайының (зайыбының);
жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның;
қызметі құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуға міндетті.
13) тармақшаның екінші бөлігі 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2025.15.07. № 208-VIII ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
13-1) салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаның банктік шоттарының болуы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттарындағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді ұсынуға;
2025.15.07. № 208-VIII ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
13-2) салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті күнтізбелік жыл ішінде сатып алуына байланысты кірістер туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаның банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуға;
14) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 208-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді
14) салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Жетінші абзацын қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасында көзделген мәліметтер, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 13-1) және 13-2) тармақшаларында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады. Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.01.07. № 105-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 208-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді
15) корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылатын материалдық көмекті, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алуға арналған банктік шоттарды, сондай-ақ «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарды, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін ақы төлеу мақсатында төлемдермен субсидияларды, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан есепке жатқызылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан болған материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды қоспағанда, мыналарға:
осы Кодекстің 91-бабында айқындалған тәртіппен әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушіге;
осы екінші деңгейдегі банкте ашылған, салық органдары инкассалық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған банк шоты бар салық төлеушіге;
Төртінші абзац 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар ашудан бас тартуға міндетті.
Бұл ретте салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеуші келіскен жағдайда, банк салық төлеушінің салықтық берешегін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегін, оның ішінде берешектің осы түрлерін көрсетілген банктік шоттан аудару арқылы толық өтегеннен кейін осындай банктік шот бойынша шығыс операцияларын жүзеге асыру шартымен банктік шот ашуға құқылы.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері:
бас банк Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операциялардың шеңберінде екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына банктік шоттарды және оларды қайта ұйымдастыру шеңберінде оны біріктірген жағдайда екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына құқық мирасқоры - банк ашатын банктік шоттарды ашқан кезде;
өзіне қатысты банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген салық төлеуші банктік шоттарды ашқан кезде;
салық төлеуші банктік шотты ашу үшін екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өтініш жасаған күні осы тармақшаның бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген берешек сомасын төлеген кезде қолданылмайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар жөніндегі мәліметтерді көрсетілген салық төлеушілердің орналасқан жеріндегі салық органына қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға;
2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 21 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
16-1) коллекторлық агенттікпен жасасқан сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талап етуге қатысты кредитордың құқықтарын іске асыратын салық төлеушілер жөніндегі мәліметтерді көрсетілген салық төлеушілердің орналасқан жеріндегі салық органына қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген қызмет бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға;
18) 2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.02.07. № 354-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) тармақша өзгертілді
19) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша салық төлеушілер - тіркеу есебінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға бойынша, төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беруге;
Салық төлеушілердің санаттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.
2020.02.07. № 354-VI ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, уәкілетті органның және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітілген кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынуға;
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
21) осы Кодекстің 686-1-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес мәліметтері арнаулы мобильдік қосымшаның чектері бойынша осындай қосымшаға түсетін төлемдер сомаларын қоспағанда, жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша уәкілетті органға күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
22) осы Кодекстің 779-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл үшін төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей беруге міндетті.
Уәкілетті орган ақпарат алу мақсатында осы Кодекстің 778-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға есепті жылдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей жібереді.
Осы тармақшаның бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат пен мәліметтер уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде беріледі;
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
23) тармақшаның қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 5-1-бабының редакциясында қолданылды
23) белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар анықталған операциялар бойынша дара кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.
Осы баптың мақсаттары үшін мемлекеттік мекемелердің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған шоттары банктік шоттарға теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
Осы баптың бірінші бөлігінің 7), 12), 13) және 16) тармақшаларында көзделген есептер мен мәліметтер телекоммуникациялар желісі арқылы ұсынылады. Техникалық проблемалардың салдарынан оларды телекоммуникациялар желісі арқылы ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген есептер мен мәліметтер қағаз жеткізгіште жіберіледі.
Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекске сәйкес ұсынатын мәліметтерді салық органдары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдаланады.
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
24-1-бап. Төлем ұйымдарының уәкілетті органға ақпарат беру жөніндегі міндеті
Төлем ұйымдары осы Кодекстің 779-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл үшін төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей беруге міндетті.
Уәкілетті орган ақпарат алу мақсатында осы Кодекстің 778-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді төлем ұйымдарына есепті жылдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей жібереді.
Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат пен мәліметтер уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде беріледі.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 25-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы
Салық органдары салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiнде мынадай:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептік тiркеуді, қайта тiркеудi, есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын;
2) мемлекеттік статистика саласындағы;
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi, оның ішінде:
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;
жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеуді;
радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеуді;
ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді;
шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді;
бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюды жүзеге асыратын;
4) лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат беру мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн;
5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүзеге асыратын;
6) азаматтық хал актiлерiн тiркеудi жүзеге асыратын;
7) нотариаттық әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;
8) қорғаншылық пен қамқоршылықты;
9) көлік пен коммуникацияларды;
10) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.06.02. № 196-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын;
2023.06.02. № 196-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылы (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен;
12) Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26-баптың тақырыбы өзгертілді
26-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен уәкілетті тұлғалардың салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі мiндеттерi
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тiркеуді, қайта тiркеудi және есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген, қайта тіркелген, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуы мемлекеттік тіркелген, құрылымдық бөлімшенің есептік тiркеуге қойылған, қайта тіркелген, есептік тiркеуден шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені, қайта тіркелгені, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуының мемлекеттік тіркелгені, құрылымдық бөлімшенің есептік тiркеуге қойылғаны, қайта тіркелгені, есептік тiркеуден шығарылғаны туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы салық органына, екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ұсынуға мiндеттi.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, лицензияларды, куәлiктердi немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды берудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар лицензиялар және оларға қосымша (қосымшалар), куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (тоқтатылған) салық төлеушiлер және бюджетке төленетін төлемдер салынатын объектiлер туралы мәлiметтердi осы Кодекстiң 18-бөлiмiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмдерде және уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша өзiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына ұсынуға мiндеттi.
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беруді жүзеге асыратын ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мерзiмдерде және нысандар бойынша өзiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына ұсынуға мiндеттi.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша салық органдарына ұсынуға мiндеттi.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Бюджетке төленетін төлемдерді жинауды, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, экологиялық-ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсатында пайдаланатын жеке тұлғаларды қоспағанда, ұсынылатын мәліметтерде салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін көрсетуге мiндеттi.
5. Шетелдiктердің келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган олардың келу мақсатын, орнын және болу мерзiмiн көрсете отырып, келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салық органына олардың келуiн (кетуiн) тiркегеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданылуының тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша уәкілетті органға ұсынуға міндетті.