(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛ...

Предыдущая страница

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының міндеті Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

 

5-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының қағидаттары

Денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;

2) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және адамдардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;

3) ана мен баланы қорғау;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;

5) халықтың денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу;

6) қауіпсіз, сапалы және тиімді дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қолжетімділігін және олардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;

7) денсаулық сақтаудың халықтың қажеттіліктерін, мұқтажын қанағаттандыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарлылығы;

8) саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу;

9) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;

10) медициналық көмектің қолжетімділігі;

11) медициналық көмектің сапасын үнемі арттыру;

12) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;

13) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету;

14) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері қызметінің сабақтастығы;

15) қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып, денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету;

16) отандық медицина мен фармацевтика ғылымын мемлекеттік қолдау, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту, жаңа дәрілік заттардың инновациялық әзірлемелері саласындағы ғылым мен техниканың озық жетістіктері мен технологияларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы әлемдік тәжірибені ендіру;

17) ерікті өтеусіз донорлықты көтермелеу;

18) отандық әзірлемелерді және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау;

19) қоғамның денсаулықты сақтау мәселелеріндегі мүмкіндіктерін кеңейту;

20) халықтың барлық санаттары мен топтарын денсаулықты сақтау және нығайту жөніндегі іс-шаралармен қамту.

 

 

2-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕН БАСҚАРУ

 

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) - 9) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

1. Уәкілетті орган:

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру жəне бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

2) саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыруды ұйымдастырады;

3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) аурулар мен жай-күйлер профилактикасының, диагностикасының, емдеудің және медициналық оңалтудың, сондай-ақ оларды бақылаудың жаңа әдістерін ендіреді;

5) 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін қалыптастырады;

7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің тізбесін қалыптастырады;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек беру тәртібін, түрлерін және көлемін айқындайды;

8) денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде денсаулық сақтау саласында білім беру және ғылыми қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

9) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жобаларды іске асырады;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

9-1) денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

9-2) бірыңғай дистрибьюторды айқындайды;

10) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды ендіру және іске асыру жөніндегі қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-1) дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болатын аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) медициналық оқыс оқиға жағдайларын (оқиғаларды) айқындау, оларды есепке алу және талдау қағидаларын бекітеді;

12) әлемнің жетекші фармакопеяларының талаптарын Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады деп таниды;

13) дәрілік заттарға бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық мақсаттағы бұйымдарға, Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді беру шарттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымдарға бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

15) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындайды;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

15-1) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

15-2) бірыңғай дистрибьютордың қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды;

16) 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) медицина және фармацевтика ғылымының, медициналық және фармацевтикалық білім берудің дамуын қамтамасыз етеді және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру қызметін үйлестіреді;

18) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

19) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер өз қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын кәсіптердің, жұмыстар мен мамандықтардың тізбесін әзірлеуге қатысады;

21) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастырады;

22) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын келіседі;

23) денсаулық сақтау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық етуді жүзеге асырады;

24) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25) денсаулық сақтау субьектілерінің қызметін үйлестіреді;

26) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

27) 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

28) тәуекелге бағалау жүргізуге және тәуекелге бағалау жүргізу тәртібін белгілеуге құқығы бар ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындайды;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29) денсаулық сақтауды цифрландыру стратегиясын бекітеді;

30) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құрады және олардың жұмыс істеуін, оларға Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

30-1) ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес айқындалатын ресми статистикалық және өзге де ақпаратты ашық қолжетімді орналастыру арқылы қоғам мен мемлекетті денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 31) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

31) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және есепке алу мен есептік құжаттаманың нысандарын бекітеді;

2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 31-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

31-1) медицина қызметкерлерінің толтыруы үшін міндетті құжаттаманың тізбесін бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

32) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды бекітеді;

33) 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 34) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

34) пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

35) денсаулық сақтау саласында құрметті атақтар беру қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

36) көтермелеудің салалық жүйесі қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 37) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

37) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін бекітеді;

38) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындайды;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

39) денсаулық сақтау ұйымдары жəне (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері үшін үлгілік штаттар мен штаттық нормативтерді бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 40) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

40) денсаулық сақтаудың кадр ресурстары бойынша ұлттық үйлестіруші туралы ережені бекітеді;

2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 41) тармақша өзгертілді

41) денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 42) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

42) денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекітеді;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 43) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

43) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 44) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

44) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 45) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

45) медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 46) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

46) Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 47) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

47) Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 48) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

48) дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына бағалау жүргізу қағидаларын бекітеді;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 49) тармақша өзгертілді

49) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 50) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

50) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 51) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

51) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға, сондай-ақ медициналық бұйымдарға бағаларды реттеу қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 52) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

52) Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 53) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

53) медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 54) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

54) келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 55) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

55) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 56) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

56) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 57) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

57) денсаулық сақтау ұйымдарында шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 58) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

58) халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар бойынша ұлттық үйлестіруші туралы ережені бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 59) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59) ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекітеді;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 59-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 59-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59-1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын, туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 59-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 59-2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59-2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларын бекітеді және жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесін айқындайды;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 59-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

59-3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін бюджет қаражаты есебінен сатып алу және олардың ақысын төлеу тәртібін айқындайды;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 59-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 59-4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59-4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың үлгілік штаттары мен штат нормативтерін бекітеді;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 59-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 59-5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59-5) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекітеді;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 59-6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 59-6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59-6) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен нормативтерін бекітеді;

2024.15.04. № 72-VIII ҚР Заңымен 59-7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 59-7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59-7) әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамдарға денсаулық сақтау ұйымдарында психологиялық көмек көрсетудің тәртібі мен шарттарын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 60) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

60) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын бекітеді;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 60-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 60-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

60-1) емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекітеді;

61) 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 62) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

62) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 63) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

63) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін жоспарлау қағидаларын бекітеді;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 63-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

63-1) бюджеттік жоспарлау жəне бюджетті атқару жөніндегі уəкілетті органдармен келісу бойынша əлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бюджет қаражатын жоспарлау жəне бөлу қағидаларын, медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін əзірлейді жəне бекітеді;