«Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар бойынша ұлттық үйлестіруші туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 590 бұйрығы

Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар бойынша ұлттық үйлестіруші туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 590 бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар бойынша ұлттық үйлестіруші туралы ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдарға жеткізуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар мен қоғамдық денсаулық сақтаудың жаһандық бағдарламасы бойынша ұлттық үйлестірушінің мәртебесі және өкілеттігі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 144 бұйрығының күші жойылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2020 жылғы 14 қыркүйектегі

№ 590 бұйрығына

қосымша

 

 

Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар бойынша

ұлттық үйлестіруші туралы

ереже

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар бойынша ұлттық үйлестіруші туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 58) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.