(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛ...

Предыдущая страница

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 63-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

63-2) халықтың қажеттілігі негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көмектің жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің көлемдерін жоспарлау əдістемесін бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 64) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

64) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 65) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

65) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 66) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

66) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқықтар беру қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 67) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

67) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 68) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

68) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 69) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

69) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 70) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

70) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын және олардың қызметі туралы ережені бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 71) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

71) денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекітеді;

2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 72) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 3 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 72) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

72) денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 73) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

73) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарға медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 74) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

74) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 75) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

75) иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 76) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

76) иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты аурулардың тізбесін және себептік байланысты анықтау қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 77) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

77) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, өздеріне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жолдама беру қолданылмайтын адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 78) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

78) клиникалық хаттамаларды әзірлеу мен қайта қарау қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 79) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

79) клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру және ендіру тиімділігін бағалау әдістемесін бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 80) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

80) медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 81) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

81) жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 82) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

82) осы Кодекстің 120-бабында белгіленген түрлерге сәйкес медициналық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 83) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

83) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 84) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

84) қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 85) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

85) ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидалары мен шарттарын бекітеді;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 86) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 86) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

86) дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды денсаулық сақтау саласындағы басқа да дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне қосу қағидаларын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 87) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

87) цифрлық денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, сыныптау жүйелерін, анықтамалықтар мен номенклатураны бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 88) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

88) денсаулық сақтау саласындағы медициналық ақпараттық жүйелерге қойылатын ең төмен талаптарды бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 89) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

89) қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған электрондық ақпараттық ресурстарға қойылатын талаптарды бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 90) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

90) сырқаттанушылық пен адам өлімін кодтау жөніндегі нұсқаулықты, халықаралық сыныптауыштарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

91) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласында білім беру бағдарламалары бойынша оқыту құнын қалыптастыру әдістемесін бекітеді;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 92) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

92) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін айқындайды;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 93) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

93) бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 94) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

94) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға арналған шекті бағалар мен үстеме бағаларды қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

95) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға арналған шекті бағаларды және үстеме бағаларды қалыптастырады және бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 96) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

96) бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті бағаларды бекітеді;

97) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

98) кәсіптік аурулардың тізбесін айқындайды;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 99) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

99) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 100) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

100) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекітеді;

101) медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 101-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

101-1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындайды;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 101-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

101-2) адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесін бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 102) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

102) «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген төтенше жағдай кезеңінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 103) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

103) денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 104) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

104) медициналық ұйымдарда құпия аудит жүргізу қағидаларын бекітеді;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 104-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 104-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

104-1) дәрігерлік-консультативтік комиссияның қызметі туралы ережені бекітеді;

2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 104-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 104-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

104-2) стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындайды;

2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 104-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 104-3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

104-3) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шартын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 104-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 104-4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

104-4) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

105) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

8-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның құзыреті

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган:

1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу мен есептік құжаттаманың нысандарын өз құзыреті шегінде бекітеді;

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, оның қолданылу шарттарын жəне осы шараның қолданылу мерзімін айқындайды (қажет болған кезде).

Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесіне Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;

4) 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды қоспағанда, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

7) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізуді ұйымдастырады;

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекітеді;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тəуелсіз сарапшылардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекітеді;

12) адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беруді жүзеге асырады;

13) туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындайды;

14) туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін, адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асырады;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тəуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) тармақша өзгертілді

16) көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу бойынша тəуелсіз сарапшылар қызметтерін көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарды бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18) тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекітеді;

19) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;

21) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүргізетін, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелеріне денсаулық сақтау субъектілері шағымданған кезде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22) бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталықтың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және оның қызметінің регламентін бекітеді;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 22-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22-1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу тəртібін бекітеді;

23) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

9-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:

1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) өз құзыреті шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу құжаттамасы мен есептік құжаттаманың нысандарын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасының қағидаларын бекітеді;

4) санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асырады;

5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-1) - 5-4) тармақшалармен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, оның қолданылу шарттарын жəне осы шараның қолданылу мерзімін айқындайды (қажет болған кезде).

Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесіне Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 5-2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру тəртібін бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 5-3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулерді жүргізу тəртібін бекітеді;

5-4) мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

7) 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құрады және олардың жұмыс істеуін, оларға Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

9) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;

11) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;

12) қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша (уыттылық дәрежесі бойынша) олардың қауіптілік сыныбын айқындайды;