2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Банктік салым кепілінің шарты І санаттағы объектінің операторы және (немесе) кепіл беруші ретіндегі үшінші тұлға, кепіл ұстаушы ретіндегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі немесе Ұлттық пошта операторы арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілінің үлгілік шартына сәйкес жасалады.
8. Банктік салым кепілінің шарты І санаттағы объект операторының банктік салым кепілі шартын жасасу туралы өтініші алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.
9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган банктік салым кепілінің шарты жасалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, сол мерзімде өтініш берушіні жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар ете отырып, осындай шартты қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
10. Банктік салым кепілі түріндегі қаржылық қамтамасыз ету үлесі:
1) объект пайдалануға берілген күннен бастап он жыл өткен соң - қаржылық қамтамасыз етудің жалпы сомасының кемінде елу пайызын;
2) объект пайдалануға берілген күннен бастап жиырма жыл өткен соң қаржылық қамтамасыз етудің жалпы сомасының жүз пайызын құрауға тиіс.
150-бап. Қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі мүлік кепілін қолдану
1. І санаттағы объектінің операторы (кепіл беруші) осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында көрсетілген өз міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Қазақстан Республикасының (кепіл ұстаушы) мүлік кепіліне орай кепілге салынған мүлікке оператордың басқа кредиторлары алдында артықшылықпен өндіріп алуды қолдануға құқығы бар.
2. Заңды тұлға болып табылатын I санаттағы объект операторының банкроттығын қоса алғанда, ол таратылған жағдайда кепіл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында реттеледі.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған мүлік кепілінің шарты негізінде мүлік кепілін қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.
Мүлік кепілінің шартын жасасу үшін І санаттағы объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға бағалаушының кепілге салынған мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса бере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті ұсынады.
4. Мүлік кепілінің шарты І санаттағы объектінің операторы және (немесе) кепіл беруші ретіндегі үшінші тұлға және кепіл ұстаушы ретіндегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша жасалады.
Мүлік кепілінің шарты І санаттағы объект операторының мүлік кепілінің шартын жасасу туралы өтініші алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен кепіл беруші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі кепіл нысанасының нарықтық құны болып табылады.
Бағалаушының кепілге салынған мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі І санаттағы объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мүлік кепілінің шартын жасасу туралы өтініш берген күнге дейін күнтізбелік он бес күннен ерте жасалмауға тиіс.
5. Мүлік кепілінің шарты кепілге берілетін мүлік жойылудан немесе бүлінуден сақтандырылған болып табылған жағдайда жасалады.
1) тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн;
3) мемлекеттік органдар шектеу салған мүлікті;
4) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлікті;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық айналымнан алып қойылған мүлікті;
6) электр, жылу энергиясын және өзге де энергия түрлерін;
8) осы Кодекстің 149-бабына сәйкес банк салымын кепілге салу жағдайларын қоспағанда, мүліктік құқықтарды;
9) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі мүлікті қоспағанда, кез келген мүлік қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі мүлік кепілінің нысанасы болуы мүмкін.
7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында белгіленген шарттар сақталмаған кезде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүлік кепілінің шартын жасасу туралы өтінішті І санаттағы объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мүлік кепілінің шартын жасасудан бас тартады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, І санаттағы объектінің операторын мүлік кепілінің шартын жасасудан бас тарту туралы хабардар етеді.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Мүлік кепілі кезінде кепіл нысанасы кепіл берушіде қалады.
Кепіл нысанасы (немесе оның бір бөлігі) жойылған, бүлінген немесе жоғалған не оған меншік құқығы басқа тұлғаға өткен жағдайларда, оның ішінде кепіл беруші кепіл нысанасына (немесе оның бір бөлігіне) билік еткен жағдайда, кепіл беруші күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде кепіл нысанасын (немесе оның тиісті бөлігін) қалпына келтіруге немесе оны басқа тең бағалы мүлікпен ауыстыруға міндетті.
9. Мүлік кепілін ресімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
151-бап. Қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі сақтандыру шартын қолдану
1. Объектінің операторы І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі өз міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасуға құқылы, соған орай объект операторының І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен (сақтандыру жағдайы) орындамауы немесе тиісінше орындамауы Қазақстан Республикасының (пайда алушы) пайдасына сақтандыру сомасын төлеуге алып келеді.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарымен жасалған шарттарды қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сақтандыру шарты қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі үлгілік сақтандыру шартына сәйкес жасалады.
І санаттағы объект операторының І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі өз міндеттемелерін орындауға байланысты мүліктік мүддесі қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі сақтандыру шартының объектісі болып табылады.
І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді осы Кодексте белгіленген мерзімде орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып танылады.
Сақтандыру шартын қабылдату үшін І санаттағы объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға сақтандыру шартын қоса бере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті ұсынады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, сақтандыру шартын қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдайды немесе сол мерзімде өтініш берушіні жазбаша немесе электрондық түрде хабардар ете отырып, оны қабылдаудан бас тартады.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мынадай жағдайлардың бірінде:
1) ұсынылған сақтандыру шарты І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі үлгілік сақтандыру шартына сәйкес келмесе;
2) сот мұндай талапты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылған сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымы сақтандыру шартын қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтініш тіркелген күн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сақтандыру төлемі туралы талабын бұрын орындамаса, сақтандыру шартын қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сақтандыру төлемі туралы талабы осындай талап алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының бұлжытпай және міндетті түрде орындауына жатады. Сақтандыру ұйымы көрсетілген талапты орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 151-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
151-1-бап. Депозиттік шотты қаржылық қамтамасыз ету ретінде қолдану
1. І санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға жағымсыз əсер ететін объектілерді пайдалану салдарын жоюды қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында депозиттік шот қалыптастыруға құқылы.
2. Депозиттік шот І санаттағы объектінің операторы жүзеге асыратын жыл сайынғы аударымдар есебінен қалыптастырылады.
Аударымдар Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі депозиттік шотқа жүргізіледі.
3. Депозиттік шотқа жыл сайынғы аударымдардың мөлшері I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жоюға арналған шығындардың осы кезең аяқталғаннан кейін объект жойылатын кезеңге (жылдар санына) есептегендегі жалпы сметалық құнына тікелей пропорционалды болады жəне оны І санаттағы объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган бекіткен əдістемеге сəйкес айқындайды.
4. Егер І санаттағы объектіні пайдалану салдарын жоюға арналған нақты шығындар депозиттік шоттың мөлшерінен асып кетсе, онда І санаттағы объектінің операторы осындай объектіні пайдалану салдарын жоюға қосымша қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті. Егер таратуға арналған нақты шығындар депозиттік шот мөлшерінен аз болса, онда қалған ақша І санаттағы объект операторының ағымдағы шотына қайтарылады.
5. І санаттағы объектінің операторы жою (прогрессивті жою) жөніндегі жұмыстардың көлемін азайту мақсатында барлық қызмет тоқтатылғанға дейін І санаттағы объектіні ішінара жоюды жүргізуге құқылы.
Прогрессивті жою жүргізілген кезде қаржыландыру депозиттік шоттағы қаражат есебінен жүргізіледі.
Депозиттік шотқа аударымдар сомасы I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жоюға оператор пайдаланған сомаға азайтылады.
6. I санаттағы объектіге меншік құқығын беру қалыптастырылған депозиттік шотты жаңа меншік иесіне қайта ресімдеуге (беруге) сөзсіз негіз болады.
8-БӨЛІМ. ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГІ
152-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі
1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған мониторингтің қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану, адамдардың өмірін және (немесе) денсаулығын табиғи және антропогендік ортаның зиянды факторларының әсерінен қорғау, сондай-ақ климат өзгеруінің әсер етуі мен климат өзгеруінің болжамды әсер етуі мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қамтитын барлық жүйесін, кіші жүйесін және түрін біріктіретін, мемлекет қамтамасыз ететін көп мақсатты жүйені білдіреді.
2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі мынадай элементтерді қамтиды:
1) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар;
2) осы Кодекске сәйкес Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторингтің жүйелері, кіші жүйелері мен түрлері;
3) «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесі.
3. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің міндеттері мыналар болып табылады:
1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін, оларда болып жатқан процестерді, құбылыстар мен өзгерістерді ұдайы байқау, мұндай өзгерістерді бағалау, болжау және бақылау;
2) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің деректерін жинау, жинақтау, сақтау, есепке алу, жүйелеу, жинақтап-қорыту, өңдеу және талдау;
3) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылардың басқарушылық және шаруашылық шешімдер қабылдауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде функцияларды жүзеге асыруы мақсатында олардың арасында өзара іс-қимылды, үйлестіруді және ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаның, оның ішінде табиғи ортаның (оның құрамдастарының, табиғи және табиғи-антропогендік объектілердің, табиғи кешендердің, биоәртүрліліктің) және антропогендік ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ табиғи және антропогендік ортаның адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына және тұтас қоршаған ортаға ықпал ететін зиянды факторлары туралы анық және салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету.
4. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі деректердің салыстырмалығын және цифрлық ресурстардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін бірыңғай ұйымдастырушылық, әдіснамалық, метрологиялық және ақпараттық тәсіл негізінде жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекітеді, оларда мыналар қамтылуға тиіс:
1) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің деректерін жинауға, жинақтауға, сақтауға, есепке алуға, жүйелеуге, жинақтап-қорытуға, өңдеуге және талдауға қойылатын бірыңғай ұйымдастырушылық, әдіснамалық, метрологиялық және өзге де талаптар;
2) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл және жұмыс процестерін үйлестіру тәртібі;
3) «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібі, оның құрылымы мен ақпарат көздері, сондай-ақ оған Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылардың және өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізу қағидалары, деңгейлері, тәртібі мен шарттары.
6. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасындағы жұмыс процестерін үйлестіруді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
7. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасында, оның ішінде «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесі шеңберінде ақпарат алмасу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
2022.21.12. № 167-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2023 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторингтің жүйелері, кіші жүйелері мен түрлері шеңберінде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін байқау, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректері пайдаланыла отырып жүргізіледі.
153-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар мыналар болып табылады:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;
2) арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдар;
3) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторинг түрлерін жүзеге асыруға уәкілеттік берілген ұйымдар;
4) осы Кодекске сәйкес өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті жеке және заңды тұлғалар.
154-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымы
1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі мынадай мониторинг жүйелерін қамтиды:
2) табиғи ресурстар мониторингі;
4) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг;
5) қоршаған орта жай-күйінің мониторингі.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына мониторингтің қосымша жүйелері, кіші жүйелері мен түрлері енгізілуі мүмкін.
155-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі
1. Деректерді жинақтау, сақтау, жүйелеу, интеграциялау және автоматтандырылған алмасуды қамтамасыз ету, Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл және жұмыс процестерін үйлестіру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін ақпаратқа қолжетімділік беруді автоматтандыру «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады.
2. «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесін құруды, оның жұмыс істеуін, жүргізілуі мен пайдаланылуын ұйымдастыруды, сондай-ақ осыған байланысты барлық жұмыс процесінің үйлестірілуін қамтамасыз етуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.
3. «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесі:
1) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторинг жүйелерінің, кіші жүйелері мен түрлерінің деректер банктері;
2) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары;
3) қалдықтардың мемлекеттік кадастры;
4) мемлекеттік климат кадастры;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі;
5) мемлекеттік көміртек кадастры;
6) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры;
7) Қазақстан Республикасының ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі;
8) экологиялық рұқсаттардың және қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың мемлекеттік тізілімі;
9) қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
11) өндірістік экологиялық бақылау бойынша есепке алу мен есептілік;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
12) қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі;
2026.08.07. № 340-VIII ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
13) қоғамдық тыңдаулар деректерін қамтиды жəне оларды интеграциялау мен автоматтандырылған алмасуды қамтамасыз етуге тиіс.
4. «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінің шеңберіндегі бағдарламалық құралдардың жүйесі деректерді бірыңғай әдістемелік негізде жинақтауды, сақтау мен өңдеуді жүзеге асыруға, оның әртүрлі деңгейлері, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мемлекеттік кадастрлар, тізілімдер, тіркелімдер, мониторинг жүйелерінің, кіші жүйелері мен түрлерінің деректер банктері арасында деректерді автоматтандырылған және тиімді алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
5. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінің шеңберінде өздері беретін деректердің анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
156-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкіне қол жеткізу шарттары
1. «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесіне қол жеткізу мынадай:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың және Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторинг түрлерін жүзеге асыруға уәкілеттік берілген ұйымдардың барлық ақпаратқа (алғашқы деректерге және ақпараттық өнімге) танысу, көшіру және қайта жаңғырту мүмкіндігі беріліп, шектеусіз қол жеткізуге құқығы болады;
2) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, барлық ақпараттық өнімге танысу, көшіру және қайта жаңғырту мүмкіндігі беріліп, шектеусіз қол жеткізуге құқығы болады деген шарттар сақтала отырып беріледі.
2. Бастапқы деректер деп мониторинг түрлерінің нәтижелері бойынша алынған және жинақтап-қорытуға, өңдеуге немесе талдауға ұшырамаған деректер түсініледі. Өндірістік мониторингтің өңделмеген деректері, оның ішінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінен алынған деректер бастапқы деректерге жатады.
3. Ақпараттық өнім деп алғашқы деректерді жинақтап-қорыту, өңдеу және талдау нәтижесі болып табылатын ақпарат түсініледі. Ақпараттық өнімге талдамалық есептер, анықтамалар, баяндамалар, мәтіндік мазмұндағы өзге де құжаттар, картографиялық ақпарат, статистикалық нысандар мен есептілік, өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есептілік, сондай-ақ біріктірілген (статистикалық) сипаттағы өзге де ақпарат жатады.
4. «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесіне қол жеткізу өтеусіз негізде беріледі.
157-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің деңгейлері
1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу үш деңгейде жүзеге асырылады:
1) жергілікті деңгейде өндірістік мониторинг, қоғамдық мониторинг және жергілікті атқарушы органдар елді мекендердің нақты учаскелерінде, елді мекендерден тыс жерлерде, жерүсті және жерасты су объектілерінен тыс жерлерде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ұйымдастыратын мониторинг түрлері жүргізіледі;
2) өңірлік деңгейде өңірлердің физикалық-географиялық және экономикалық ерекшеліктері, экологиялық жүктемесі бар аймақтардың және қоршаған орта жай-күйі мен табиғи ресурстарды пайдалануға ықпал ететін табиғи және антропогендік факторлар кешенінің бар-жоғы ескеріле отырып, әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мониторинг түрлері жүргізіледі;