«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 329 бұйрығы

 «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 329 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32424 болып тіркелген) мынадай өзгеріc енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Сапаров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігінің

Ұлттық статистика бюросы

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы

министрі

2026 жылғы 8 қыркүйектегі

№ 329 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

 2023 жылғы 27 сәуірдегі

№ 164 бұйрығына

4-қосымша

 

Әкімшілік деректерді жинауға

арналған нысан

 

Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Әкімшілік нысанның атауы: Асыл тұқымды жануарлар тізілімі

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № РПЕ-1

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.