болып белгіленеді.
Сарбаздар (матростар) құрамына, жоғары сержанттық құрамға, полковниктерге (бірінші дəрежелі капитандарға) жəне жоғары офицерлік құрамға əскери атақтарындағы еңбек сіңірген жылдары белгіленбейді.
Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметке қызметін ауыстыру тәртібімен кіретін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне әскери атақ уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын қайта аттестаттау тәртібімен, қазіргі бар арнайы атағынан төмендетілмей беріледі.
21-бап. Әскери лауазымдар
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әскери лауазым Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың алдына қойылған негізгі мiндеттер мен функцияларға сүйене отырып айқындалады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери лауазымдар мен оларға сәйкес келетін әскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
3. Әскери лауазымдар:
1) қатардағы жауынгерлер құрамының;
2) сержанттар құрамының;
3) офицерлер құрамының;
4) жоғары офицерлер құрамының лауазымдарына бөлiнеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Əскери қызметшiлерді жасақтау, əскери лауазымдарға тағайындау, орнын ауыстыру, əскери лауазымдарынан босату, мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына ауыстыру жəне қызметтен шығару Əскери қызмет өткеру қағидаларына сəйкес жүргiзіледi.
Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға тағайындалатын Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарына қатысты уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына (әскери факультетке) түскен Қазақстан Республикасының азаматы және әскери қызметші тиісінше кадет және курсант әскери лауазымына тағайындалады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы бойынша әскери оқу орнына түскен келісімшарт бойынша әскери қызметші бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және магистрант, докторант немесе адъюнкт әскери лауазымына тағайындалады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. Оқудың үшінші курсына ауыстырылған ұлан, сондай-ақ жалпы орта білім беру базасындағы азамат немесе техникалық жəне кəсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына қабылданған əскери қызметші Қарулы Күштердің кадеті не курсанты немесе əскери интерні ауыспалы құрамының əскери лауазымына тиісінше тағайындалады.
Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып білім алушыларды қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнына келісімшарт бойынша қабылданған əскери қызметші бұрын атқарған əскери лауазымынан босатылады жəне Қарулы Күштердің магистранты не докторанты немесе адъюнкті ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындалады.
5. Әскери қызметшi мынадай:
1) оны басқа лауазымға тағайындаған кезде командирдiң (бастықтың) қарамағында болған - екi айдан аспайтын;
2) ұйымдық-штаттық iс-шараларды жүргізуге байланысты командирдiң (бастықтың) қарамағында болған - үш айдан аспайтын;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әскери қызметшіге қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы қолданылуына байланысты командирдің (бастықтың) қарамағында болған жағдайда - қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Əскери қызмет өткеру қағидаларына сəйкес мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсiздігі мүддесінде жұмыстарды орындау мақсатында мемлекеттік органдарға, халықаралық жəне басқа да ұйымдарға iссапарға жiберілуіне байланысты уəкілетті орган басшысының қарамағында болған;
5) Қазақстан Республикасы әскери атташесі аппаратындағы лауазымға тағайындалуға байланысты командирдің (бастықтың) қарамағында болған - Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығуға рұқсат ету құжаттарын алғанға дейін;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) шетелге қызметке, оқуға жіберілген əскери қызметші жұбайымен (əскери қызметші зайыбымен) бірге болған кезде уəкілетті орган басшысының қарамағында болған;
7) 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 8), 9) жəне 10) тармақшалармен толықтырылды
8) əскери тағылымдама аяқталғанға дейін - оқып жатқан елдің заңнамасына сəйкес оқу бағдарламасы əскери тағылымдаманы көздейтін шет мемлекеттің жоғары əскери оқу орнын бітіруіне байланысты офицерлік құрамның «лейтенант» бірінші əскери атағы берілген əскери қызметшілер уəкілетті органның бірінші басшысының қарамағында болған;
9) оқу уақытында - күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына жіберілген жəне түскен əскери қызметшілер командирдің (бастықтың) қарамағында болған;
10) жиындар өткізу уақытында - əскери жиындар кезеңінде уəкілетті органның бірінші басшысының қарамағында болған жағдайларда, əскери емес лауазымдарда əскери қызмет өткереді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Əскери лауазымдарда болу мерзімдері Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Əскери қызметші жыл сайынғы негізгі демалыстарда, əскери-медициналық (медициналық) мекемелерде емделуде болған кезеңдер қарамағында болу мерзіміне есептелмейді.
22-бап. Ротация
1. Әскери қызметшілерді ротациялау қызметтік қажеттілік немесе олардың кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
2. Әскери қызметшілердің ротациясы Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде уәкілетті орган басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Басқа жергілікті жерге ауыстыруға байланысты ротациялауға мүгедек зайыбы (жұбайы) бар, мүгедек балалары (қамқоршысы болып табылатын), оның ішінде асырап алған мүгедек балалары бар немесе асырауында қартайған ата-анасы болатын адамдар жатпайды. Көрсетілген мəн-жайлар Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тəртіппен актімен расталуы тиіс.
2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
22-1-бап. Әскери қызметшілерді аттестаттау
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін аттестаттау Әскери қызмет өткеру қағидаларымен айқындалады.
Əскери прокуратура органдарының əскери қызметшілері Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен жəне мерзімдерде уəкілетті орган басшысының шешімі бойынша аттестаттау кезінде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттау оның тәртібін, мерзімдерін және аттестатталатын әскери қызметшілердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.
Кезектен тыс аттестаттаудың қорытындылары бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сай келеді және жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады;
2) атқаратын лауазымына сай келеді;
3) атқаратын лауазымына сай келмейді және лауазымын төмендетуге ұсынылады;
4) атқаратын лауазымына сай келмейді және ротациялауға ұсынылады;
5) атқаратын лауазымына сай келмейді және қызметтен шығаруға ұсынылады.
Кәсіби жарамдылықты айқындау бойынша нормативтерді тапсырмаған және тестілеу кезінде шектi мәннен төмен баға алған жағдайда, аттестаттау комиссиясы осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себеппен екі рет келмей қалған әскери қызметшілер осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылуға ұсынылады.
Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) өзге де лауазымдарда, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда әскери қызметін жалғастырудан бас тартқан әскери қызметшілер осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылуға жатады.
23-бап. Әскери қызметшілердiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерi
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Әскери қызметшiлер салтанатты, күнделікті, далалық, арнайы киім нысанымен және арнайы киім-кешек заттарымен қамтамасыз етіледі.
Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери киiм нысанын киіп жүру жəне айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, ал əскери киiм нысанының жекелеген заттарын киіп жүру жəне айырым белгiлерiн тағып жүру ерекшелiктерiн уəкілетті органдардың бiріншi басшылары белгілейдi.
Осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 13) жəне 14) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылған адамдардан басқа, Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда күнтізбелік есептеумен жиырма бес жəне одан көп жыл мінсіз қызмет еткен азаматтарға запасқа немесе отставкаға шығарылған кезде əскери киім нысанын киіп жүруге рұқсат етіледі.
2. Әскери киiм нысанын киіп жүруге құқығы жоқ адамдарға оларды киіп жүруге тыйым салынады және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
24-бап. Әскери қызмет мерзiмдері. Еңбек сіңірген жылдары
1. Әскери қызмет мерзiмдерi күнтiзбелік есеппен:
1) мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi үшiн - он екi ай;
2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер үшін - жиырма төрт ай;
3) келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер үшiн - әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшартта көрсетілген мерзiмге белгіленеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Еңбек сіңірген жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін тәртіппен, зейнетақыға құқық беретін әскери қызмет ұзақтығын есептеу мақсатында есептеледі. Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
Әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткеру уақыты еңбек сіңірген жылдарға есептеледі. Еңбек сіңірген жылдар жалпы еңбек өтіліне және мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.
Əскери қызметші жұбайының (əскери қызметші зайыбының) одан əрі əскери қызмет өткеруіне (оқуға түсуіне) байланысты шетелге кеткен əскери қызметшілердің шетелде болу уақыты еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.
Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери қызметке түскенге дейін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары олардың құқық қорғау және мемлекеттік арнайы органдардағы әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер беру көзделген лауазымдардағы жұмыс істеген уақытын ескере отырып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет, соның ішінде құқық қорғау қызметі өтіліне мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік органда əскери лауазымға уақытша тағайындалған кезеңдегі уақыт, сондай-ақ олардың бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға ауысу уақыты есептеледі.
Мемлекеттік қызметке кірген адамдар үшін əскери қызмет өткеру уақыты мен əскери лауазымға тағайындалу кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.
25-бап. Әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы
1. Әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы:
1) сарбаздар мен кіші сержанттар құрамының әскери қызметшілеріне - қырық бес жас;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) майорға (үшіншi дəрежелi капитанға) дейiнгіні қоса алғанда, аға сержанттық құрамның жəне офицерлік құрамның əскери қызметшілеріне - қырық жеті жас;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) подполковниктерге - қырық сегіз жас;
3) жоғары сержанттар құрамының әскери қызметшілеріне және полковниктерге (бiрiншi дәрежелi капитандарға) - елу бес жас;
4) генерал-майорларға (контр-адмиралдарға), генерал-лейтенанттарға (вице-адмиралдарға) - алпыс жас;
5) генерал-полковниктерге, адмиралдарға және армия генералдарына - алпыс үш жас болып белгіленеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шектi жасқа толған әскери қызметшiлер Әскери қызмет өткеру қағидаларында белгiленген тәртiппен запасқа немесе отставкаға шығарылуға жатады.
Шекті жасқа толған əскери қызметшіге баянаты бойынша уəкілетті органның басшысы:
1) ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы, магистр немесе доктор дəрежесі болған жəне ол əскери оқу орындарында, əскери кафедраларда оқытушылық немесе ғылыми қызметті жүзеге асырған;
2) денсаулық жағдайы бойынша əскери қызмет өткеруге жарамды, емдеу қызметін жүзеге асыратын медицина персоналы лауазымында немесе мемлекеттік авиацияда ұшу құрамының лауазымында не əскери прокуратура органдары офицерлік құрамының лауазымында əскери қызмет өткерген, жоғары кəсіби даярлығы, атқаратын лауазымында жұмыс тəжірибесі болған жағдайларда, онымен жаңа келісімшарт жасасу арқылы əскери қызмет мерзімін бес жылға дейінгі мерзімге ұзартады.
26-бап. Әскери қызметтен шығару
1. Мыналар:
1) әскери қызметте болудың шектi жасына толу;
2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзiмінің аяқталуы;
3) келісімшарт мерзімінің аяқталуы;
4) әскери-дәрiгерлiк комиссияның әскери қызметке жарамсыз немесе шектеулі жарамды деп танығаны туралы қорытындысына байланысты денсаулық жағдайы бойынша;
5) әскери қызметшіні басқа тең лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған және ол төмен лауазымға тағайындалудан бас тартқан кезде санын немесе штаттарды қысқарту;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына ауысуды қоспағанда, мемлекеттік органдарға немесе мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік қызметке ауысу;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) əскери қызметшіге қатысты келісімшарт талаптарын елеулі жəне (немесе ) жүйелі түрде (екі жəне одан көп рет) бұзу;