«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 Қаулысына 13-қосымша) (2019.13.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.07.02. № 26 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 71 қаулысына

13-қосымша

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.30.03. № 41 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.13.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.13.09. № 160 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін жіберу «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.13.09. № 160 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік тіркеу кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс;

көрсетілетін қызметті беруші облигациялық бағдарламаны 10 (он) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс;

көрсетілетін қызметті алушы бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні iшiнде жүзеге асырады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.