«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығы
(2021.03.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.04.03. № 192 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.14.09. № 462 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.09.12. № 696 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, елдер бөлімінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыстар нормалары бекітілсін.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.25.02. № 56 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.04.03. № 192 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.02.06. № 257 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.07.04. № 132 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.28.07. № 321 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мына:
1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға;
2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (ауылдық елдімекеннен шыққан үміткерлер санаты бойынша конкурсқа қатысқан адамдар үшін);
3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тағылымдамадан өтуге;
4) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес, резидентурада оқуды ұйымдастыруға;