ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа түсініктемені қараңыз
Елдің әрбір өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану негізінде халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы (бұдан әрі - Болжамды схема) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) үш ай мерзімде Болжамды схеманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін іске асыру жөніндегі 2012 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қараңыз
3. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 31, 337-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.