ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.08.08. № 8 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.30.03. № 28 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 149 бұйрығымен
бекітілген
Осы редакция 2024 жылғы 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау
қағидалары
(2024.14.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл - ауқат қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қор), акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) айқындайды.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.02.05. № 22 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 14 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы компанияның жарғысында айқындалатын атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;
2) іс-шаралар жоспары - ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің бесжылдық кезеңге арналған көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
3) компания - Қорды қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, компаниялар;