Көкшетау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 52 шешімі
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 45 шешімімен күші жойылды
««Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес Көкшетау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында сайлау учаскелері құрылсын.
2. Көкшетау қаласы әкімінің «Көкшетау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 37 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7009 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімі аппаратының басшысы С.К. Құдабайға жүктелсін.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қалалық аймақтық
сайлау комиссиясының
төрайымы М.М. Қалиева
2020 жылғы «»
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 52 шешіміне
қосымша
№ 1 сайлау учаскесі
Орналасқан орны: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылдық округі, Красный Яр ауылы, Тәуелсіздік көшесі 3, Красный Яр ауылдық округі әкімі аппаратының жанындағы «Көкше» мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекаралары: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылдық округі, Красный Яр ауылы: