(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІ...

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығы

(2018.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Бас Прокурорының 2016.25.02. № 36 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.06.04. № 49 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Бас Прокурорының 2018.06.04. № 49 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Бас Прокурорының 2018.06.04. № 49 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 89 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8781 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде № 247 (28186) 2013 жылғы 6 қарашада жарияланған).

3. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.

4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.

5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

 

А. Дауылбаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Төрағасы

А.Байменов

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.