Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, банктің еншілес ұйымына кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.
144-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті төлем көзінен салық салынатын төленетін табыс сомасына осы Кодекстің 147-бабының 3-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен айқындайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салық агенті осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, 143-бабында көрсетілген табыстарды төлеу кезінде төлем көзінен ұсталатын салықты табысты төлеу нысаны мен орнына қарамастан, ұстап қалуға міндетті.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Заңды тұлға құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің осындай құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті деп өз шешімімен тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төленетін (төлеуге жататын) табыстардан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 144-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
144-1-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген табыстарынан корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 23-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
145-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттері төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аударуға міндетті.
2. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агенті орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргізеді.
146-бап. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы жөніндегі есеп-қисап
Салық агенттері төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бойынша есеп-қисапты төлем жүргізілген тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті.
16-тарау. САЛЫҚ мөлшерлемелері, САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
147-бап. Салық мөлшерлемелері
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 4 бабына сәйкес 147-баптың 1-тармағының корпоративтік табыс салығы ставкасының мөлшері бөлігінің қолданылуы тоқтатылды
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 20 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынған табыс деп ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғаларға мынадай бағыттар бойынша берілген, оның ішінде бюджеттік субсидиялар танылады:
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасы, технологиялық жабдық лизингі бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдыққа арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;
2) өсiмдiктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруашылығы малының, құстар мен балықтар тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту;
3) тұқым шаруашылығын дамыту;
4) мал шаруашылығының өнiмділігі мен өнiмiнің сапасын арттыру;
5) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;
6) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
7) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
8) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;
9) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
10) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
11) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
12) ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық қаржы салу кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 5 бабына сәйкес 147-бабы 3-тармағының төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы ставкаларының мөлшері бөлігінде қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Бейрезиденттердiң осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 1) - 8), 10) - 29) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай бейрезиденттердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына, сондай-ақ осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген табыстарға осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
5. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса осы Кодекстің 199-бабында белгіленген тәртіппен 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 148-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
148-бап. Салық кезеңі
1. Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.
2. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
Бұл ретте заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.
3. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға осы жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
5. Егер заңды тұлға күнтізбелік жыл ішінде қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде және жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырған болса, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асырған уақыт кезеңі салық кезеңіне енгізілмейді.
1. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзінен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидентті қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
2. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 427-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.
5-БӨЛІМ. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында
жүзеге асыратын ұйымдарға және инвестициялық басым
жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
17-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА ҚЫЗМЕТІН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 150-тамрақ өзгертілді; 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 150-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
150-бап. Жалпы ережелер
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) заңды тұлға орналасқан жері бойынша арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органында салық төлеуші ретінде тіркелсе немесе оны арнайы экономикалық аймақ аумағында салық органы болған кезде - ондай салық органында жер салығы, мүлік салығы немесе жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы салынатын объектінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою жүзеге асырылса, не заңды тұлға арнайы экономикалық аймақ аумағында салық органы болмаған кезде - құзыретіне арнайы экономикалық аймақ аумағы кіретін салық органының аумақтық бөлімшесінде орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелсе;
2) заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылса;
3) заңды тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ болса;
4) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда, жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстiң 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырса;
5) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда, - заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер арнайы экономикалық аймақ қатысушысының арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырса, ол осы баптың қолданылу мақсаттары үшін қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін сондай-ақ бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн заңды тұлға:
1) заңды тұлға орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тiркелсе;
2) заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болып табылса;
3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi жоқ болса;
4) мынадай шарттар сақталған жағдайда заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстiң 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырса, ол «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым болып танылады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі мен таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітеді.
Осындай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарға:
1) жер қойнауын пайдаланушылар;
2) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар;
3) арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар;
4) инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған ұйымдар;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жатпайды.
Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекстің Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін белгіленген ережелерін қолдануға құқылы емес.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Алынған (алынуға жататын) кірістерді осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған кірістерге жатқызу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша берілген растауының негiзiнде жүзеге асырылады.
Алынған (алынуға жататын) кірістерді осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған кірістерге жатқызу дербес кластерлік қордың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша берілген растауының негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу, сондай-ақ нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы бөлімде және осы Кодекстің 244-2 және 244-3-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 151-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
151-бап. 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-1-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
151-1-бап. Қызметiн «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
1) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;
2) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
3) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi өндiру;
4) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
5) машиналар мен жабдықтарды жасау;
6) металлургия өнеркәсiбi;
7) электр жабдығын, оның iшiнде электр-жарық берушi жабдық жасау;
8) жарық берушi аспаптарға арналған шыны компоненттерiн өндiру;
9) тамақ өнiмiн өндiру;
10) сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз бен картон өндiру;
11) жиһаз жасау;
12) автокөлiк құралдарын, трейлерлер мен жартылай тiркемелердi жасау;
13) темiр жол локомотивтерi мен жылжымалы құрамды жасау;
14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын жасау;
15) негiзгi фармацевтикалық өнiмдер мен препараттарды өндiру;
16) электрондық бөлшектер жасау;
17) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектiлерiн, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерiн салу және пайдалануға беру;
18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептердi, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кiтапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерiн салу және пайдалануға беру.
2. Қызметiн «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуі кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сонымен қатар осы баптың 1-тармағының 1) - 17) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет бойынша және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-2-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-2-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
151-2-бап. Қызметiн «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:
1) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;
2) мұнай-химия өнiмдерiн өндiру;
3) еркін экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылыс объектісі еркін экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетінін растайтын қорытындысы болған кезде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттама шегінде салу және пайдалануға беру.