Концессия жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 41 Қаулысы
(2025.26.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 162-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2021.05.04. № 205 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 510967321707 (бес жүз он миллиард тоғыз жүз алпыс жеті миллион үш жүз жиырма бір мың жеті жүз жеті) теңге көлеміндегі «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ)»автомобиль жолын салу және пайдалану» концессия жобасы (бұдан әрі - жоба) бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жоба бойынша концессия шартын жасауға өкілеттік берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі концессия шарты бойынша мемлекеттің қаржы міндеттемелерін қабылдау және орындау есебін жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
ҚР Үкіметінің 2021.05.04. № 205 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.04.08. № 645 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.29.08. № 710 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 1156 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 41 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің жылдар бойынша көлемі Қолжетімділік үшін төлемақы төлемдерінің
графигі