«Концессия жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 41 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 1156 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Концессия жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 41 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1156 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 41 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің жылдар бойынша көлемі Қолжетімділік үшін төлемақы төлемдерінің
графигі
Валюталық өтемақыны ескере отырып, қолжетімділік үшін болжанатын (концессия шартының талаптарында көзделген қолжетімділік үшін төлемақыны түзетуді есепке алмағанда) төлемақының жалпы базалық сомасы 540150134000 (бес жүз қырық миллиард бір жүз елу миллион бір жүз отыз төрт мың) теңгені құрайды (оның ішінде инвестициялық шығындардың өтемақысы (ИШӨ) - 176724305 мың теңге, пайдалану шығындарының өтемақысы (ПШӨ) - 28031259 мың теңге, басқарғаны үшін сыйақы (БС) - 335394570 мың теңге), оның ішінде жылдар бойынша:
| 2023 жыл | 15855584 мың теңге (оның ішінде ИШӨ - 6497217 мың теңге, ПШӨ - 347796 мың теңге, БС - 9010571 мың теңге) |