«Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 280 бұйрығы
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 31 шілдедегі № 190-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20057 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 2-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 40-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілетін бұйрықпен бекітілген Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 2-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабы 40-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібін айқындайды.»;