Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 60 бұйрығы
(2022.05.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 31 шілдедегі № 190-НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022.05.09. № 280 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 2-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 40-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.