Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығы
(2021.21.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 17 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2021.21.12. № 1322 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3) және 4) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Бұйрығының күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 133 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9369 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 мамырдың жарияланған);