болып белгіленеді.
Қатардағы, жоғары сержанттық құрамға, полковниктерге (бірінші дəрежелі капитандарға) жəне жоғары офицерлік құрамға əскери атақтарындағы еңбек сіңірген жылдары белгіленбейді.
Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметке қызметін ауыстыру тәртібімен кіретін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне әскери атақ уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын қайта аттестаттау тәртібімен, қазіргі бар арнайы атағынан төмендетілмей беріледі.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен ескертпелермен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
Ескертпелер.
1. Осы баптың төртінші бөлігі 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген «лейтенант» əскери атағында еңбек сіңірген мерзім, егер əскери қызметші:
курсант бола тұра, бес жəне одан көп жыл бойы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бір немесе бірнеше əскери оқу орнында білім алса;
техникалық жəне кəсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының əскери оқу орнын бітіргеннен кейін шетелдік жоғары əскери оқу орнына түссе жəне курсант бола тұра, төрт жəне одан көп жыл бойы білім алса, бір жылға дейін қысқартылады.
2. Егер əскери қызметші курсант бола тұра, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бір немесе бірнеше əскери оқу орнында алты жыл бойы білім алса немесе техникалық жəне кəсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының əскери оқу орнын бітіргеннен кейін шетелдік жоғары əскери оқу орнына түссе жəне курсант бола тұра, бес жыл бойы білім алса, онда осы баптың төртінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көзделген «аға лейтенант» əскери атағында еңбек сіңірген мерзім де қысқартылады жəне екі жылды құрайды.
21-бап. Әскери лауазымдар
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әскери лауазым Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың алдына қойылған негізгі мiндеттер мен функцияларға сүйене отырып айқындалады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери лауазымдар мен оларға сәйкес келетін әскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
3. Әскери лауазымдар:
1) қатардағы жауынгерлер құрамының;
2) сержанттар құрамының;
3) офицерлер құрамының;
4) жоғары офицерлер құрамының лауазымдарына бөлiнеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Əскери қызметшiлерді жасақтау, əскери лауазымдарға тағайындау, орнын ауыстыру, əскери лауазымдарынан босату, мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына ауыстыру жəне қызметтен шығару Əскери қызмет өткеру қағидаларына сəйкес жүргiзіледi.
Тізбесін уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен лауазымдарға тағайындалатын әскери қызметшілерге және азаматтық персонал адамдарына (жұмыскерлерге) қатысты уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертілді
4-1. Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, арнаулы әскери оқу орнына (әскери факультетке) түскен Қазақстан Республикасының азаматы және әскери қызметші тиісінше кадет және курсант әскери лауазымына тағайындалады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы бойынша әскери оқу орнына түскен келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және магистрант, докторант, әскери резидент-дәрігер немесе адъюнкт әскери лауазымына тағайындалады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-2-тармақ өзгертілді
4-2. Оқудың үшінші курсына ауыстырылған ұлан, сондай-ақ жалпы орта білім беру базасындағы азамат немесе техникалық жəне кəсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына қабылданған əскери қызметші Қарулы Күштердің кадеті не курсанты немесе əскери интерні ауыспалы құрамының əскери лауазымына тиісінше тағайындалады.
Қашықтан оқытуды қолдана отырып білім алушыларды қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнына қабылданған келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін əскери қызметші бұрын атқарған əскери лауазымынан босатылады жəне Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың магистранты докторанты, әскери резидент-дәрігері немесе адъюнкті ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындалады.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-3. Штаттан тыс құрамның əскери лауазымына Қарулы Күштердің əскери қызметшісі əскери қызмет өткеру қағидаларына сəйкес тағайындалады.
5. Әскери қызметшi мынадай:
1) оны басқа лауазымға тағайындаған кезде командирдiң (бастықтың) қарамағында болған - екi айдан аспайтын;
2) ұйымдық-штаттық iс-шараларды жүргізуге байланысты командирдiң (бастықтың) қарамағында болған - үш айдан аспайтын;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әскери қызметшіге қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы қолданылуына байланысты командирдің (бастықтың) қарамағында болған жағдайда - қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін;
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 5-тармағы 3) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 62-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Əскери қызмет өткеру қағидаларына сəйкес мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсiздігі мүддесінде жұмыстарды орындау мақсатында мемлекеттік органдарға, халықаралық жəне басқа да ұйымдарға iссапарға жiберілуіне байланысты уəкілетті орган басшысының қарамағында болған;
5) Қазақстан Республикасы әскери атташесі аппаратындағы лауазымға тағайындалуға байланысты командирдің (бастықтың) қарамағында болған - Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығуға рұқсат ету құжаттарын алғанға дейін;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) шетелге қызметке, оқуға жіберілген əскери қызметші немесе Қазақстан Республикасы құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкері жұбайымен (зайыбымен) бірге болған кезде уəкілетті орган басшысының қарамағында болған;
7) 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 8), 9) жəне 10) тармақшалармен толықтырылды
8) əскери тағылымдама аяқталғанға дейін - оқып жатқан елдің заңнамасына сəйкес оқу бағдарламасы əскери тағылымдаманы көздейтін шет мемлекеттің жоғары əскери оқу орнын бітіруіне байланысты офицерлік құрамның «лейтенант» бірінші əскери атағы берілген əскери қызметшілер уəкілетті органның бірінші басшысының қарамағында болған;
9) оқу уақытында - күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына жіберілген жəне түскен əскери қызметшілер командирдің (бастықтың) қарамағында болған;
10) жиындар өткізу уақытында - əскери жиындар кезеңінде уəкілетті органның бірінші басшысының қарамағында болған жағдайларда, əскери емес лауазымдарда əскери қызмет өткереді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Əскери лауазымдарда болу мерзімдері Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Əскери қызметші жыл сайынғы негізгі демалыстарда, əскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде, ал олар әскери қызмет өткеру орны бойынша болмаған немесе оларда тиісті бөлімшелер болмаған жағдайда - медициналық ұйымдарда емделуде болған кезеңдер қарамағында болу мерзіміне есептелмейді.
22-бап. Ротация
1. Әскери қызметшілерді ротациялау қызметтік қажеттілік немесе олардың кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
2. Әскери қызметшілердің ротациясы Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде уәкілетті орган басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Басқа жергілікті жерге ауыстыруға байланысты ротациялауға мүгедектік белгіленген зайыбы (жұбайы) бар, мүгедектігі бар балалары (қамқоршысы болып табылатын), оның ішінде асырап алған мүгедектігі бар балалары бар немесе асырауында қартайған ата-анасы болатын адамдар жатпайды. Көрсетілген мəн-жайлар Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тəртіппен актімен расталуы тиіс.
2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
22-1-бап. Әскери қызметшілерді аттестаттау
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерін аттестаттау Әскери қызмет өткеру қағидаларымен айқындалады.
Қарулы Күштер мен әскери прокуратура органдарының əскери қызметшілері Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен жəне мерзімдерде уəкілетті мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша аттестаттау кезінде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттау оның тәртібін, мерзімдерін және аттестатталатын әскери қызметшілердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.
Кезектен тыс аттестаттаудың қорытындылары бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сай келеді және жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады;
2) атқаратын лауазымына сай келеді;
3) атқаратын лауазымына сай келмейді және лауазымын төмендетуге ұсынылады;
4) атқаратын лауазымына сай келмейді және ротациялауға ұсынылады;
5) атқаратын лауазымына сай келмейді және қызметтен шығаруға ұсынылады.
Кәсіби жарамдылықты айқындау бойынша нормативтерді тапсырмаған және тестілеу кезінде шектi мәннен төмен баға алған жағдайда, аттестаттау комиссиясы осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себеппен екі рет келмей қалған әскери қызметшілер осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылуға ұсынылады.
Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) өзге де лауазымдарда, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда әскери қызметін жалғастырудан бас тартқан әскери қызметшілер осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылуға жатады.
23-бап. Әскери қызметшілердiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерi
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Далалық киім нысанымен қамтамасыз етілетін резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, әскери қызметшiлер салтанатты, күнделікті, далалық, арнайы киім нысанымен және арнайы киім-кешек заттарымен қамтамасыз етіледі.
Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери киiм нысанын киіп жүру жəне айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, ал əскери киiм нысанының жекелеген заттарын киіп жүру жəне айырым белгiлерiн тағып жүру ерекшелiктерiн уəкілетті органдардың бiріншi басшылары белгілейдi.
Осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 9) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әскери қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда күнтізбелік есептеумен жиырма бес және одан көп жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерге запасқа немесе отставкаға шығарылған кезде әскери киім нысанын киіп жүруге рұқсат етіледі.
Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған азаматтарға педагогтің кəсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде бастапқы əскери даярлық қағидаларында айқындалатын тəртіппен əскери киім нысанының жекелеген заттарын киіп жүру жəне айырым белгілерін тағып жүру ерекшеліктерімен əскери киім нысанын киіп жүруге де рұқсат етіледі.