(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2024 - 2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖ...

2024 - 2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 109 шешімі

(2024.18.07. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024.03.04. № 153 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.24.04. № 170 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.18.07. № 189 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 150 966 927,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 100 214 821,8 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 927 904 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 891 000 мың теңге;

трансферттер түсімі - 48 933 202 мың теңге;

2) шығындар - 178 026 825,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 344 321 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 868 670 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 524 349 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 158 061,8 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 158 061,8 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) - - 27 562 280,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - 27 562 280,9 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсiмi - 17 474 575 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 5 699 091 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 15 786 796,9 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.