Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 903 Қаулысы
(2022.03.06. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.