Арыс қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Түркістан облысы Арыс қаласы әкімінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 5 шешімі
(2024.08.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Арыс қаласының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
2. Арыс қаласы әкімінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 10 «Арыс қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4770 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбековке жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Арыс қаласының әкімі | Г. Курманбекова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Арыс қалалық аумақтық
сайлау комиссиясымен
Түркістан облысы Арыс қаласы әкімінің 2022.12.09. № 6 шешімімен (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 22 шешімімен (2024 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Түркістан облысы
Арыс қаласы әкімінің
2021 жылғы 2 шілдедегі
№ 5 шешіміне қосымша
Арыс қаласының аумағындағы сайлау учаскелері
№ 1 сайлау учаскесі
Орталығы: Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі, №1, Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласының білім бөлімінің «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.