«Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 191 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 478 бұйрығынамынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында:
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев
2019 жылғы «__» ___________
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 3 сәуірдегі
№ 191 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 478 бұйрығына
2-қосымша
Пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензияны беруге блок түріндегі жер қойнауы учаскелері аумақтарының
тізбесі