(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ ТУ...

Предыдущая страница

20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) арнаулы мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына ұсынған материалдарға сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қатысты, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қабылдайды.».

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2014 жылғы 4 мамырдағы

№ 814 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің

тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 419-құжат; № 51, 673-құжат; 2013 ж., № 31, 465-466-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 279-құжат; 2011 ж., № 53, 743-құжат; № 55, 783-құжат; 2012 ж, № 57, 773-құжат; 2013 ж, № 18, 308-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 147қ Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж, № 53, 742-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 148 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 743-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 343 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, 773-құжат).

6. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 510 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 18, 308-құжат).

7. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 562 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 31, 465-466-құжат).

8. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы № 20қ өкімі.

9. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы № 20қ өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 205қ өкімі.

10. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы № 20қ өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 18 мамырдағы № 132қ өкімі.