ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2024.09.01. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Астана, Ақорда, 2018 жылғы қазанның 30-ы.
№ 782
Президентінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 782 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. ҚР Президентінің 2024.03.01. № 429 Жарлығымен күші жойылды (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамында:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
3. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамына енгізілсін: