Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 Бұйрығы
(2019.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2019.23.12. № 144 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2020 ж. 31 желтоқсанда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2019.23.12. № 144 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 31 желтоқсанда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасын қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілерді сынау көлемі:
1) 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті, 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті, 025/2012 «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен бекітілген «Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті үшін жүз пайыз;