«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V Заңы (2026.02.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды

11-2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11-3) «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау үшін екінші деңгейдегі банктерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

6-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында:

1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінің құрылысына қатысушылардың қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

2) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттар береді;

3) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді;

4) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей уәкілетті органға үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпарат береді;

5) тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу объектілерінің құрылысы барысына мониторингті жүзеге асыру үшін құрылыс салушылардан, уәкілетті компаниялардан, инжинирингтік компаниялардан және Бірыңғай оператордан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратады;

6) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

7) өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың қатысушыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

9) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізеді;

10) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

3-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

7-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері

1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу:

1) Бірыңғай оператордан кепілдік алу;

2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;

3) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуге жол беріледі.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Көппәтерлі тұрғын үйлердің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы үшін осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке, заңды тұлғалардың жəне (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сəйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тартуға тыйым салынады.

 

8-бап. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін көппəтерлі тұрғын үйдің құрылыс салушысы мынадай:

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тәжірибесінің болуы;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шамасы жиынтық активтердің он пайызынан кем болмайтын, өзінің аудиторлық қорытындымен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы екі қаржы жылында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді шегергеннен кейін қалатын активтерінің болуы;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қарыз қаражатының және меншікті капиталының арақатынасы арқылы есептелген коэффициент шамасы көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салудың оны пайдалануға қабылдағанға дейінгі бүкіл мерзімі ішінде жетіден аспауы талаптарына сай болуға міндетті.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылыс салушысы мынадай талаптарға сəйкес келуге:

1) республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр жəне өзге де əкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппəтерлі тұрғын үйлер жəне (немесе) жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тəжірибесінің болуы;

2) шамасы жиынтық активтердің он пайызынан кем болмайтын, өзінің аудиторлық қорытындымен расталған қаржылық есептілігіне сəйкес соңғы екі қаржы жылында қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді міндеттемелерді шегергеннен кейін қалатын активтерінің болуы;

3) қарыз қаражатының жəне меншікті капиталының арақатынасы арқылы есептелген коэффициент шамасы жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын салудың оны пайдалануға қабылдағанға дейінгі бүкіл мерзімі ішінде жетіден аспауы міндетті.

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы уәкілетті компания құрады немесе көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының бір жобасынан көп емес қызметті жүзеге асыру үшін өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бір жүз пайызын сатып алады.

Көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бір жер учаскесінде бірнеше құрылыс объектісін көздеуі мүмкін.

Егер мұндай құрылыс көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасында көзделген болса, бірнеше жер учаскесінде құрылыс объектілерін салуға жол беріледі.

Құрылыс салушы көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының алдыңғы жобасын салу, іске қосу және пайдалануға қабылдау бойынша өз міндеттемелерін орындаған уәкілетті компанияны немесе өзі жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын өзге де заңды тұлғаны тартуға құқылы.

3. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті компанияның:

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;

3) осы Заңның 20-бабына сәйкес жұмсау үшін жоспарланған ақшасы және (немесе) егер жер учаскесі меншік құқығымен тиесілі болса, жобалық құнының кемінде он пайызы көлемінде немесе егер жер учаскесі мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен тиесілі болса, жобалық құнының кемінде он бес пайызы көлемінде орындалған жұмыстар актілерімен расталған аяқталмаған құрылысы;

4) құжаттарды қарағаны үшін комиссияны, кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдік жарнаны төлеуге арналған ақшасы;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының мердігерлік шарты болуы міндетті.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 3-тармағында айқындалған мүлік қандай да бір ауыртпалықтардан, құқықтардан және үшінші тұлғалардың талаптарынан еркін болуға тиіс.

Құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания Бірыңғай операторға өтінім берілгенге дейін осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген аяқталмаған құрылыстағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына толық көлемде ақы төлеуге және ол тапсырыс беруші мен мердігердің арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерімен расталуға тиіс.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Құрылыс салушы мен уәкілетті компания осы бапта белгіленген талаптарға сай болған кезде Бірыңғай оператор көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылыс жобасы бойынша құжаттарды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тексеруді жүргізеді және кепілдік беру туралы шарт жасасады.

6. Кепілдік беру туралы жасалған шарт үлескерлердің ақшасын тарту үшін негіз болып табылады және құрылыс салушының және уәкілетті компанияның үлескерлердің ақшасын тартуға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алуын қажет етпейді.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Осы Заңның талаптарын орындау мақсатында құрылыс салушы жəне уəкілетті компания ақпараттық жүйелер арқылы Бірыңғай операторға аудиторлық қорытындымен расталған жылдық қаржылық есептілікті және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті кепілдік беру туралы шарттың қолданылуы ішінде ұсынады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8. Бірыңғай оператор Бірыңғай оператордың кепілдігін беру кезіндегі аяқталмаған құрылыс құны мен бағалау туралы есеппен расталған соңғы есепті күнге аяқталмаған құрылыс сомасы арасындағы айырмаға мөлшерлес кепілдік бойынша міндеттемелерді азайтуға жол береді.

 

9-бап. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін көппəтерлі тұрғын үй құрылыс салушысының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тәжірибесі болуы міндетті.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тəсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұрғын үйлер кешені құрылыс салушысының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр жəне өзге де əкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппəтерлі тұрғын үйлер жəне (немесе) жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тəжірибесінің болуы міндетті.

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін құрылыс салушы уәкілетті компания құрады немесе көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының бір жобасынан көп емес қызметті жүзеге асыру үшін өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бір жүз пайызын сатып алады.

Көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бір жер учаскесінде бірнеше құрылыс объектісін көздеуі мүмкін.

Егер мұндай құрылыс көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасында көзделген болса, бірнеше жер учаскесінде құрылыс объектілерін салуға жол беріледі.

Құрылыс салушы көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының алдыңғы жобасын салу, іске қосу және пайдалануға қабылдау бойынша өз міндеттемелерін орындаған уәкілетті компанияны немесе өзі жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын өзге де заңды тұлғаны тартуға құқылы.

3. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті компанияның:

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы болуы міндетті.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 3-тармағында айқындалған мүлік, құрылысты қаржыландыратын екінші деңгейдегі банкте кепілде болуы мүмкін жер учаскесін қоспағанда, қандай да бір ауыртпалықтардан, құқықтардан және үшінші тұлғалардың талаптарынан еркін болуға тиіс.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Құрылыс салушы жəне уəкілетті компания осы бапта белгіленген талаптарға сəйкес келген кезде құрылыс салушы жəне (немесе) уəкілетті компания көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын аяқтау үшін жеткілікті сомаға құрылысты қаржыландыруға əзірлігі туралы екінші деңгейдегі банктің шешімін алу үшін екінші деңгейдегі банкке өтініш жасайды.

Екінші деңгейдегі банк пен уəкілетті компания арасында жасалған банктік қарыздың кредиттік шарты, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар, аяқталмаған құрылыс құнын шегергендегі көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген сомаға несие берешегінің болуы туралы анықтама көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын қаржыландыруға əзірлігі туралы екінші деңгейдегі банктің шешімін растау болып табылады.

Екінші деңгейдегі банк көппəтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін қаржыландыруға əзір болған жағдайда уəкілетті компаниямен жəне инжинирингтік компаниямен үшжақты шарт жасасады, онда инжинирингтік компанияның осы Заңның 20-бабының 1-тармағында көрсетілген уəкілетті компанияның банктік шоттары бойынша жүргізілетін операциялар туралы ақпарат алуына уəкілетті компанияның келісімі көзделеді.»;

6. Құрылыс салушы және уәкілетті компания осы бапта белгіленген талаптарға сай болған жағдайда, құрылыс салушы мен уәкілетті компания облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына осы Заңның 18-бабында белгіленген тәртіппен үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін өтініш жасайды.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алынғаннан кейін ғана осы Заңның 20-бабында белгіленген талаптар ескеріле отырып, уəкілетті компанияның банктік шотынан үлескерлердің ақшасын пайдалануға жол беріледі.

Екінші деңгейдегі банк үлескерлердің ақшасын жəне құрылыс салушының жəне (немесе) уəкілетті компанияның қарыз қаражатын банктік шоттардан бір мезгілде пайдалану туралы шешім қабылдауға құқылы.

8. Осы баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мүлік тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жергілікті атқарушы органда тіркелген кезден бастап үлескерлердің кепілдігінде деп есептеледі.

9. Екінші деңгейдегі банк осы баптың 3-тармағының 1) және

2) тармақшаларында көрсетілген кепілге қойылған мүлікті өткізу туралы шешім қабылдаған кезде кепілге қойылған мүлікті өткізуден түскен ақша ақшаны қайтару туралы талап қойған үлескерлердің және екінші деңгейдегі банктің талаптарын қанағаттандыруға бағытталады. Кепілге қойылған мүлікті өткізуден түскен ақша жеткіліксіз болған кезде осы мүлікке өндіріп алуды қолдануға және оны өткізуге байланысты шығыстарды жабу үшін қажетті сомаларды ұстап қалғаннан кейінгі айырма үлескерлер мен екінші деңгейдегі банк арасында осы талаптарды қанағаттандыру кезіндегі олардың талаптарының мөлшерлеріне пропорционалды түрде бөлінеді.

10. Кепілге қойылған мүлік өткізілген жария сауда-саттық өткізу күніне дейін өз талаптарын мәлімдемеген үлескерлерге берілуге тиісті ақша тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарына сәйкес банктік салым шотына бағытталады.

Кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолданған және оны өткізген кезде екінші деңгейдегі банк тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасалған кезден бастап үлескерлердің сенім білдірілген тұлғасы деп танылады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Уәкілетті компания осы Заңның 17-бабында белгіленген тәртіппен үлескерге көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесін берген кезден бастап кепіл құқығы тоқтатылады.

 

10-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы соңғы үш жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде отыз алты мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде он сегіз мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының аумағында салуға және пайдалануға беруге міндетті. Бұл ретте құрылыс салушының еншілес мекемелерінің жиынтық тәжірибесі ескеріледі.

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін құрылыс салушы уәкілетті компания құрады немесе көппәтерлі тұрғын үй құрылысының бір жобасынан көп емес қызметті жүзеге асыру үшін өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бір жүз пайызын сатып алады.

Көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасы бір жер учаскесінде бірнеше құрылыс объектісін көздеуі мүмкін.

Егер мұндай құрылыс көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасында көзделген болса, бірнеше жер учаскесінде құрылыс объектілерін салуға жол беріледі.

Құрылыс салушы көппәтерлі тұрғын үй құрылысының алдыңғы жобасын салу, іске қосу және пайдалануға қабылдау бойынша өз міндеттемелерін орындаған уәкілетті компанияны немесе өзі жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын өзге де заңды тұлғаны тартуға құқылы.

3. Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті компанияның:

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат;

2) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;

3) инжинирингтік компанияның есебімен расталған көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасының аяқталған құрылысының болуы;

4) инжинирингтік компаниямен шарты болуы міндетті.

4. Осы баптың 3-тармағында айқындалған мүлік қандай да бір ауыртпалықтардан, құқықтардан және үшінші тұлғалардың талаптарынан еркін болуға тиіс.

5. Құрылыс салушы және уәкілетті компания осы бапта белгіленген талаптарға сай болған жағдайда, құрылыс салушы мен уәкілетті компания облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына осы Заңның 18-бабында белгіленген тәртіппен үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін өтініш жасайды.

6. Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алғаннан кейін көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен ұйымдастырады.

7. Осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 3)тармақшаларында көрсетілген мүлік тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жергілікті атқарушы органда тіркелген кезден бастап үлескерлердің кепілдігінде деп есептеледі.

8. Осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мүлікті кепілге беруге жол берілмейді.