«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 36/40 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 16-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңесінің құрамына»:
Айманақұмов Азамат Максотұлы - Атырау облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы;
Баклажанская Татьяна Ивановна - «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы (келісім бойынша);
Жаңабілова Әсел Болатқазықызы - Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы (келісім бойынша);
Омарбекова Жанат Ануарбекқызы - «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 36/40 қаулысымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ
САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ
| № п/п | Аты-жөні | Қызметі, ғылыми дәрежесі |
| 1. | Өтемісов Шавхат Әнесұлы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Сарапшылық кеңестің төрағасы
|