Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығы
(2017.11.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.10.11. № 1043 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.11.09. № 617 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.10.11. № 1043 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.11.09. № 617 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілері, сондай-ақ оларды беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануға жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Комитетке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.