(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МҮЛІКТІ ТӘРКІЛЕУ БӨЛІГІНДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТ...

Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 30 наурызындағы № 227 бұйрығы

(2021.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2021.27.05. № 494 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 75-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э. К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейінгі он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

Е.ДОСАЕВ.

3 сәуір 2015 жыл

 

ҚР Қаржы министрінің 2016.23.05. № 249 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 30 наурыздағы

№ 227 бұйрығымен бекітілді

 

 

 

Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке

беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану

 қағидасы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.