«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ Заңы (2026.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшін банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қадағалап ден қою шараларын қолданады.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға құқылы:

1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру;

2) жазбаша ескерту шығару;

3) жазбаша келісім жасау.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне қатысты нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің және (немесе) жағдайлардың сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының ұқсас бұзушылығын анықтаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды

8. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою қажеттігі туралы және жою мерзімдерін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі анықталған бұзушылықтар және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер, сондай-ақ жағдайлар жойылғанға дейін өзіне қабылдайтын шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады.

Жазбаша келісім көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі тарапынан міндетті түрде қол қойылуға жатады.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды

9. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы құжатында көрсетілген мерзімдерде шектеулі ықпал ету шарасын орындағаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге міндетті.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды

10. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды

11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне бұрын оған қолданылған ықпал ету шараларына немесе санкцияларға қарамастан, осы бапта айқындалған шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды

12. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау жөніндегі мерзімді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұзартуы мүмкін.

 

 

5-тарау. ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫ

 

25-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

1. Төлемдер азаматтық-құқықтық мәмілелер шарттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен сот шешімдерінің негізінде және соларға сәйкес жүзеге асырылады.

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары төлем құралдары негізінде немесе олар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

 Төлем құжаттарының нысандары, міндетті деректемелері және олардың мазмұнына қойылатын басқа да талаптар, электрондық төлемдер құралдарын пайдалану ерекшеліктері, электрондық банк қызметтерін көрсету жəне экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдерді тағайындау тəртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мәліметтер мен деректемелер көрсетілетін төлем қызметтерін беруші не төлем жүйесінің операторы беретін штрих код түрінде ұсынылуы мүмкін.

Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші немесе төлем жүйесінің операторы кәсіпкерлік қызмет шеңберінде ұсынылған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асыру үшін беретін штрих кодтың ұлттық стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп әзірлейді. Штрих кодты пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін ұйымның Штрих кодтың ұлттық стандартына қайшы келмейтін өзге де стандарттары пайдаланылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, штрих кодты пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыру үшін пайдаланылатын деректемелердің банктік құпияны қамтымайтын ең аз тізбесін белгілейді.

3. Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер және (немесе) ақша аударымдары қолма-қол ақшаны пайдалана отырып та, сондай-ақ оларды пайдаланбастан (қолма-қол ақшасыз төлемдер) да мынадай:

1) қолма-қол ақша беру;

2) электрондық ақша беру;

3) төлем құжаттарын пайдалана отырып ақша аудару;

4) ақшалай міндеттеме немесе ақша төлеу туралы бұйрық қамтылатын төлем құжатын беру;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) электрондық төлем құралдарын пайдалану;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6) цифрлық теңгені беру (аудару) тəсілдерімен жүзеге асырылады.

4. Төлемге және (немесе) ақша аударымына бастамашылық жасау:

1) бастамашының төлем құжатын көрсетуі;

2) ұстаушының электрондық төлем құралдарын пайдалануы;

3) бастамашының электрондық терминалдар мен өзге де құрылғылар арқылы ақша аудару үшін қолма-қол ақшаны енгізуі;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) бастамашының төлемді, оның ішінде мобильдік төлемді қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы жүзеге асыруға келісімді жіберуі арқылы жүргізіледі.

5. Қолма-қол ақшамен төлемдер төлемдi жүзеге асыратын тұлғаның заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар және (немесе) монеталар түріндегі қолма-қол ақшаны осы тұлғаның ақшалай міндеттемесі бар тұлғаға нақты беруі болып табылады.

6. Қолма-қол ақшамен төлемдер ақшалай мiндеттемесi орындалып отырған тұлғаға тiкелей не делдал арқылы жүзеге асырылады.

7. Қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттарды пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбастан теңгемен және шетел валютасымен төлем құралдары негізінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7-1. Цифрлық теңге пайдаланыла отырып жүргізілетін төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары осы Заңда жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тəртіппен цифрлық шоттар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Заңды тұлғалар, заңды тұлғаның филиалдары немесе өкілдіктері көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арқылы жүзеге асыратын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік жəне (немесе) цифрлық шоттар және (немесе) электрондық әмияндар пайдаланылып қана жүзеге асырылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігі заңды тұлғалардың бюджетке төлемдерді, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін төлемдерді, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеуіне қолданылмайды.

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен асатын мәміле бойынша төлемдерді қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлер немесе қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің пайдасына заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалар қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана жүзеге асырады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдер қолма-қол ақшасыз тәртіппен, оның ішінде уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол ақша енгізу арқылы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесінде уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарттың болуы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді ақша жөнелтуші банктің жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады.

2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Банктер «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде береді.

10-1. 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 10-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10-2. Мобильді қосымшалар жəне (немесе) қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы, оның ішінде штрих-кодты пайдалана отырып, көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынатын екінші деңгейдегі банктер клиент жеке тұлғалардың нұсқаулары бойынша банкаралық мобильді төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін банкаралық мобильді төлемдер жүйесімен өзара іс-қимыл жасауға міндетті.

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде болатындарды қоспағанда, дара кəсіпкерлер жəне (немесе) заңды тұлғалар жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкалары пайдаланыла отырып төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнатуды жəне қолдануды жəне банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалана отырып мобильді төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті.

Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде болатындарды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде клиент дара кəсіпкерлерге жəне (немесе) заңды тұлғаларға төлем карточкалары пайдаланыла отырып төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнататын банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған формат бойынша штрих-код қалыптастыра отырып, төлемдерді банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалана отырып қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Жекелеген қызмет түрлерінің жəне төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер қабылдауға жəне банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалана отырып мобильді төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған жағдайларда және тәртіппен төлем ұйымдарының лездік төлемдер жүйесіне қатысуына жол беріледі.

Лездік төлемдер жүйесі арқылы төлемдерді жүзеге асыру кезінде бенефициардың пайдасына ақшаны есепке жатқызуды бенефициарға қызмет көрсететін төлем қызметтерін беруші - лездік режимде лездік төлемдер жүйесіне қатысушы қамтамасыз етеді.

Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арасында ақша аудару (түпкілікті есеп айырысу) лездік төлемдер жүйесі арқылы клиринг нәтижелері бойынша жасалады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ақшамен қамтамасыз етіледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар сауда операцияларын, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүргізу кезінде ақшалай есеп айырысуды қолма-қол ақшаны пайдаланбай жүзеге асыратын дара кәсіпкерге және (немесе) заңды тұлғаға қолданылмайды.

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12. Бенефициардың пайдасына ақша аударуды банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша аударымдары жүйелерін пайдалану арқылы ұлттық немесе шетел валютасымен жүзеге асыра алады.

Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бенефициардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыруды ақша аударымдары жүйесінің форматтары мен қағидаларына сəйкес қамтамасыз етуге тиіс.

Бірінші санаттағы төлем ұйымдары заңды тұлғалардың банктік шоттары бойынша Қазақстан Республикасынан жəне Қазақстан Республикасына төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген экспорт жəне (немесе) импорт бойынша ғана жүзеге асырады.

2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

13. Төлем ұйымдарының төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырудан бас тартуы осы Заңда және «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

14. Клиентке үшінші тұлғалардың төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруына қолжетімділік алуына алып келген, үшінші тұлғаларға банк шотына не төлем құралына не сәйкестендіру құралына қолжетімділікті ұсынуға, сондай-ақ төлем құралын не сәйкестендіру құралын беруге, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда өзге де тұлғаларға осындай қолжетімділікті беруді қоспағанда, тыйым салынады.

Клиентке материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін үшінші тұлғаның мүддесінде немесе үшінші тұлғаның пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.

Жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда өзге де тұлғалардың банктік шотын, төлем құралын не сәйкестендіру құралын пайдалануды қоспағанда, үшінші тұлғалардың банктік шотын, төлем құралын не сәйкестендіру құралын пайдалана отырып, төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.

 

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

25-1-бап. Антифрод-орталық

1. Антифрод-орталық:

1) қаржы ұйымдарынан, төлем ұйымдарынан, ұялы байланыс операторларынан және қылмыстық қудалау органдарынан келіп түскен, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша оқиғалар мен әрекеттенулер туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды және сақтауды жүзеге асырады;

2) белгіленген өлшемшарттарға сәйкес алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына жатқызылған, қаржы ұйымдарына, төлем ұйымдарына, ұялы байланыс операторларына, қылмыстық қудалау органдарына қажетті, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі деректерді өңдейді және талдайды;

3) алаяқтық белгілері бар төлем операцияларын болғызбау үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде қатерлер, осал тұстар, оқиғалардың туындауының алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты қаржы ұйымдарына, төлем ұйымдарына, ұялы байланыс операторларына, қылмыстық қудалау органдарына ұсынады;

4) қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, өз қызметі процесінде алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары мен құқық қорғау органдарының ақпараты негізінде Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңсыз деп танылатын жəне (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтауға жəне болғызбауға жəрдемдеседі;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған өзге де функцияларды орындайды.

2. Қаржы ұйымы, төлем ұйымы төлемді және (немесе) ақша аударымын (осындай төлемді және (немесе) ақша аударымын жасауға әрекеттенуді, орындалу процесіндегі төлемді және (немесе) ақша аударымын қоса алғанда):

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) егер алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын анықтағаны туралы клиенттің жолданымы болса;

2) егер қылмыстық қудалау органынан расталған ақпарат болса;

3) егер қаржы ұйымының, төлем ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес осындай негіздер болса;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) егер ақша жөнелтуші жəне (немесе) төлемнің және (немесе) ақша аударымының бенефициары алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен әрекеттену туралы дерекқорда болса, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы деп таниды.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

1) антифрод-орталықтың қызметін жүзеге асыру жəне антифрод-орталықтың өз қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тəртібі;

2) антифрод-орталықтың алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен əрекеттері туралы дерекқорды қалыптастыру мен жүргізуді жəне антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын адамдарға оған қолжетімділік беруді жүзеге асыру тəртібі;

3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына байланысты тұлғалар туралы антифрод-орталықтың ақпаратын алған кезде қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының нұсқауды орындаудан бас тарту жəне оны тоқтата тұру тəртібі мен мерзімдері;

4) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жүзеге асырудың барлық оқиғалары жəне (немесе) əрекеттері туралы ақпаратты қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының антифрод-орталыққа жіберу тəртібі, нысандары мен мерзімдері;

5) клиентті қаржы ұйымы, төлем ұйымы антифрод-орталықтың дерекқорына қосқан жағдайда қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беру тəртібі мен түрлері, сондай-ақ клиенттің қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін алу үшін қаржы ұйымына, төлем ұйымына жүгіну тəртібі;

6) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарының жəне құқық қорғау органдарының, қаржы ұйымдарының немесе төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңсыз деп танылатын жəне (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау жəне болғызбау мақсатында өзара іс-қимыл жасау тəртібі;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) прокурор келіскен, қылмыстық қудалау органының транзакцияны алаяқтық транзакция деп тану туралы қаулысында көрсетілген клиентке ақшаны қайтару тəртібі айқындалады.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)

3. Мыналар антифрод-орталықтың қызметіне қатысушы тұлғалар болып табылады:

1) қаржы ұйымдары;