«Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 419 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18944 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.