Өкімдердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 Бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 27 ақпандағы № 16 Қаулысы
(2013.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 8 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2010.06.09. № 441 Бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2010.01.11. № 86 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2013.12.12. № 573 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2013.25.12. № 291 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 611-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 162-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына, сондай-ақ «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына, «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы министрінің 2010.06.09. № 441 Бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2010.01.11. № 86 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өкімдердің мынадай нысандары бекітілсін: