Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 30 бірлескен бұйрығы
(2023.23.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023.17.05. № 151 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023.18.05. № 72 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 23 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023.17.05. № 151 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023.18.05. № 72 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 23 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы су ресурстарын алуды және (немесе) қолдануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты тексеру парағы;