«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 161 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 161 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 272 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 9 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

С. Омаров

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2020 жылғы 6 мамырдағы

№ 161 бұйрығына

қосымша

 


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде
Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және
вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді,
құрылымдық бөлімшелерге
жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі (01)

 

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

2) Министрліктің алқасын басқарады, агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттің аграрлық саясатын және мемлекеттік басым бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстардың бағыттарын айқындайды;

3) Министрліктің лауазымды адамдарының, құрылымдық бөлімшелерінің және жүйесінің қызметін жалпы үйлестіруді қамтамасыз етеді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.