«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 272 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 272 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 37 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 06 мамырдағы № 161 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

С. Омаров

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2020 жылғы 26 тамыздағы

№ 272 бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде

Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және

вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді,

құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік

етуді және өзара алмастыруды бөлу

 

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі (01)

 

1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

2) Министрліктің алқасын басқарады, агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттің аграрлық саясатын және мемлекеттік басым бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстардың бағыттарын айқындайды;

3) Министрліктің лауазымды адамдарының, құрылымдық бөлімшелерінің және жүйесінің қызметін жалпы үйлестіруді қамтамасыз етеді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.