Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Министр, Бірінші вице-министр, вице-министрлер және Аппарат басшысы арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 37 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса берілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Министр, Бірінші вице-министр, вице-министрлер және Аппарат басшысы арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік ету және өзара алмастыруды бөлу бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр және вице-министрлер арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және өзара алмастыруды бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 272 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | С. Омаров |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2021 жылғы 8 ақпандағы
№ 37 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде
Министр, Бірінші вице-министр, вице-министрлер және
аппарат басшысы арасында міндеттер мен өкілеттіктерді,
құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және
өзара алмастыруды бөлу
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі (01)
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Министрліктің алқасын басқарады, агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттің аграрлық саясатын және мемлекеттік басым бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстардың бағыттарын айқындайды;
3) Министрліктің лауазымды адамдарының, құрылымдық бөлімшелерінің және жүйесінің қызметін жалпы үйлестіруді қамтамасыз етеді;
4) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;