Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 158-НҚ бұйрығы
(2025.04.10. берілген өзгерістермен)
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.