Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 582/НҚ бұйрығы
(2025.13.03. берілген өзгерістермен)
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығымен бекітілген Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ережеге сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңес (бұдан әрі - Салалық кеңес) құрылсын және осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оның құрамы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Салалық кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Б. Мусин |
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024.05.07. № 407/НҚ бұйрығымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2025.13.03. № 111/НҚ бұйрығымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2023 жылғы 27 қарашадағы
№ 582/НҚ бұйрығына
1-қосымша
Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңестің
құрамы