Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына 1-қосымша) (2019.04.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.04.05. № 274 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 501 бұйрығына

1-қосымша

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығымен күші жойылды

 

 «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.04.05. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімді:

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні;

2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минутты құрайды;

3) қызмет көрсетуді күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді түрдегі жауап.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.