Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 наурыздағы
№ 392 бұйрығына
2-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу
қағидалары
(2025.07.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2018.29.12. № 1133 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.14.07. № 677 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.07.10. № 672 бұйрығымен (2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, бірінші басшысының қарауы бойынша штат саны шеңберінде құрылатын орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдар ведомстволары (құрылған болса), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтерінің (бұдан әрі - ішкі аудит қызметтері) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу тәртібін анықтайды.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.28.02. № 146 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: